2025 жылдың 29 сәуірінде өткізілген өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 10 бірлік техника мен 42 өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, атап айтқанда Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басқармасы, Тараз қаласы ТЖ басқармасы, Кезекшілік өрт сөндіру қызметі, Жедел-құтқару жасағы мен Медициналық апаттар қызметінің қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығудың мақсаты - жеке құрамды адамдар көп шоғырланатын нысанның ерекшеліктерімен таныстыру және өрт туындағанда әрекет ету дайындығын пысықтау.
Шартты өрттің сценариі бойынша «Megaland» ойын бақшасының ойын залындағы ас әзірлеу бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт оқиғасы орын алған. Өрт сөндірушілерді жедел шақырған ғимарат қызметкерлері құтқарушылар келіп жеткенге дейін тиісті жұмыстарды атқарған. Ал шақырту орнына жедел жеткен құтқарушылар өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Яғни, оқиға орнында 5 газ-түтіннен қорғау буынының қызметі құрылып, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп, шартты өрт орнынан 4 адамды құтқарып, 20 адамды қауіпсіз орынға көшірді. Өрттің ауданы 150 шаршы метрді құрады.
Шара соңында азаматтық қорғау қызметкерлері аталған ойын бақшасы ғимаратының ерекшеліктерімен танысып, қызметшілерімен өрттің алдың алу бойынша профилактикалық әнгіме жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ