Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Тараз қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері «Жібек жолы» еріктілерімен бірлесіп, Тараз қаласы аумағында профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Рейд барысында ұзақ уақыт бойы қоныстанбаған, ауласы қалың шөп пен қураған ағаштарға толы қараусыз қалған үй анықталды. Көршілердің айтуынша, қураған өсімдіктер жақын маңдағы үйлерге қауіп төндіріп, өрт қаупін туғызуда.
Осыған байланысты Тараз қаласының ТЖ басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған үй аумағын тазарту және қауіптің алдын алу жөнінде шешім қабылдады.
Сонымен қатар, рейд барысында жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға қоқысты арнайы белгіленген орындарда ғана жағу қажеттігі, үй мен ауладағы қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздылығы ескертілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар өрттердің алдын алуға және халықтың қауіпсіздік талаптары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ