
Жамбыл облысында ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Комиссияның барлық мүшелері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Тараз қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері қатысты.
Комиссия отырысы барысында төрт мәселелер қаралды, атап айтқанда:
- орман шаруашылығы мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың ерікті өрт сөндіру құрылымдарының дала, орман өрттерін алдын алуға және жедел жоюға дайындығы туралы;
- 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің өту нәтижесі туралы;
- Облыс аумағын құлақтандыру жүйелерімен жабдықтау жұмыстары туралы;
- Мемлекеттік және өкілетті органдардың шомылсу маусымы кезінде су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасап, онда әрбір мәселе бойынша қабылданатын алдын алу іс-шаралары туралы жеткізді. Сондай-ақ алдағы кезеңдерге арналған міндеттер туралы баяндады.
Отырыстың соңында Комиссия төрағасы Қанатбек Мәдібек ТЖ комиссия отырысының хаттамасында көзделген тапсырмаларды орындау бойынша нұсқамалар беріп, барлық органдардың жауапты және үйлесімді жұмыстары ғана төтенше жағдайлардың алдын алуға себеп болатындығын атап өтті.
ТЖ алдын алу басқармасының бастығы
Жатқанбаев Мадияр