
2025 жылғы 8 сәуірде ТЖ Департаменттің мәжіліс залында азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Бакжановтың төрағалығымен ТЖД аппараты, Өрт сөндіру бөлімдері мен Жедел-құтқару жасағы әйелдерінің қатысуымен Әйелдер кеңесі өтті.
Баяндама жасаған КжТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Бакжанов баяндама жасап, ҚР ТЖМ «ҚР ТЖМ еңбек тәртібінің қағидалары туралы» бұйрығын, ТЖД «Жамбыл облысы ТЖД ішкі жұмыс тәртібі туралы» бұйрығын назарға жеткізді, сондай-ақ ТЖД-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу туралы айтты. Ол ТЖД және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жеке құрам арасында үнемі сабақтар өткізіліп, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатынын атап өтті. Бұдан басқа, ҚР құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жеткізілді.
Кеңес соңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу жөніндегі жоспары талқыланды.
Әйелдер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
Жамбыл облысының ТЖД КжТЖБ Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Н. Асильхан