Абай – кемел ақын, кемеңгер ойшыл

Абай – кемел ақын, кемеңгер ойшыл

2025 жылғы 4 сәуірде Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті филология ғылымдарының кандидаты Рахат Маханбетжанқызы Саламатованың қатысуымен «Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай!» атты семинар өтті.

Доцент Рахат Саламатова Абайдың өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шараның мақсаты – Ұлы ақынның шығармашылығының ел арасында насихатталуына үлес қосу. Өскелең ұрпаққа Абай заманындағы, оған дейінгі және кейінгі қазақ халқының ұлттық құндылығын, төл өнерін дәріптеу.

 

 

Жамбыл облысының ТЖД КжТЖБ Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Н. Асильхан