
2025 жылдың 4 сәуірінде Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызметтік қажеттілікке байланысты және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерін 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бастапқы кәсіби даярлық, біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының жоспары мен графигіне сәйкес, «Жүргізуші» санаты бойынша қайта даярлау курстарына Шымкент қаласындағы М. Габдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығына бара жатқан қызметкерлер үшін нысаналы нұсқамалар өткізілді.
Нұсқамалар техникалық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексін сақтау мәселелерін қамтыды, бұл қызметкерлердің даярлығы мен кәсіби деңгейін арттырудың маңызды бөлігі болып табылады.
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы