ДЧС қызметкерлері үшін семинар өткізілді

ДЧС қызметкерлері үшін семинар өткізілді

   Жамбыл облысының аумақтық бөлімшелері анықтаушыларымен білім деңгейін және практикалық дайындығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Департамент базасында прокуратура қызметкерлері мен анықтаушылардың қатысуымен «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізілімін жүргізу қағидалары» және «Электрондық форматта қылмыстық іс жүргізу туралы нұсқаулық» тақырыптарына арналған семинар-кеңес өткізілді. Сондай-ақ, қылмыстық процестік заңнаманың негізгі талаптары, сараптамаларды тағайындау тәртібі, өрт орнын тексерудің тактикалық әдістері, дәлелдемелерді жинау және бекіту мәселелері қаралып, түсіндірілді.
     Семинар-сабақтың мақсаты — жаңа білім алу, дағдыларды жетілдіру және қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті дағдыларды дамыту.
    Жаңа білімді меңгеру нәтижесінде практикалық қызметтің табысты болуы және кәсіби өсу қамтамасыз етіледі.

ИЖ және СК тобы