Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қойылатын жалпы талаптары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары қолданыстағы «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу жұмыстары жүргізіледі.
Осы Кодекстің 64 бабының 1-тармағына сәйкес, өтініштерді қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
Жамбыл облысы ТЖ департаменттің жеке құрамына 2024 жылдың 26 қантарында, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру және тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің прокуроры сабақ өткізді.
Сонымен қатар, заң тобымен бірлесіп жеке құрамның құқықтық даярлығын қамтамасыз ету мақсатында «Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын тіркеу, есепке алу және қарау тәртібі» бойынша 4 сабақ өткізілді. Сонымен қатар, орын алған мәселелі сұрақтар бойынша қызметкерлерге үнемі әдістемелік көмек көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында, Департамент бастығының 2024 жылғы 6 ақпандағы «Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау кезінде жауапты орындаушылары мен тіркеушілердің жауапкершілігі туралы» № 29 бұйрығы шығарылды.
Топтың жауапты қызметкері өтініштердің уақытылы орындалуын үнемі бақылауда ұстайды және орындаушыларға орындау мерзімін ескертеді.
Департменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы жеке және занды тұлғалар өкілдерін өзара ашықтық әрекеттестікті қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 90 бабына сәйкес бекітілген кестесі бойынша, апта сайын жеке қабылдау жүргізу жоспарланған.
Департамент басшылығының жеке және заңды тұлғалар өкiлдерiнің жеке қабылдау кестесі Департаменттің сайтына орналастырылды және кесте азаматтардың еркін қол жеткiзілуiн қамтамасыз ету үшін ғимараттың 1-ші қабатына ілiнді. Ғимараттың 1-ші қабатында «азаматтардың өтініштері үшін» жәшігі орналастырылған.
Департамент басшылығы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын 1-ші қабатта қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізеді.
Ағымдағы жылы Департамент басшылығы 8 жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдады, оның 2-жеке қабылдауы «Өңірлерде Үкімет аппараты жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының тәжірибесі ауқымын кеңейту туралы» Үкімет Аппаратының басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылғы Жамбыл облысының азаматтарды қабылдау орталығында өткізілді.
2024 жылы Департамент және оның құрылымдық бөлімшілерінде 622- жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары тіркелді, ал 2023 жылдың осы мерзімінде –560, жолданымдардың саны 9% -ға өсті.
622 - жеке және заңды тұлғалардың жолданымдардың, 91- басқа органдарға құзыреті бойынша жолданды. Дубликат -77. Есеп мерзімінің соңына қаралмай қалғаны - 0.
Қаралған жолданымның саны 539: 208–і бойынша қолайлы әкімшілік акт және 58 ауыртпалық әкімшілік акт қабылданды. Барлық ауыртпалық салатын әкімшілік акті бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 72 бабына сәйкес тыңдау рәсімі өткізілді.
622 жолданымдар келесі түрлерге бөлінеді:
А) өтініштер - 368
Б) шағымдар - 6
В) ұсыныстар – 36
Г) басқалар - 212
Жалпы қаралған жолданымдардың саны- 539, қарау қортындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
а) қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 208 (38,6 %)
ә) ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 58 ( 11 %)
б) иесіне жауап берілді - 180 (33,3 %)
в) тоқтатылды - 15 ( 2,7 %)
г) назарға алынды - 9 ( 1,6%)
д) басқалар - 69 ( 12,8 %)
Ескерту: 2023 жылдың соңында қаралмамаған – 9 жолданым, 2024 жылдың басында қаралды (ЖОТЖД –2, Тараз қаласы ТЖБ-1, Жамбыл АТЖБ-1, Жуалы АТЖБ-1, Қордай АТЖБ-1 және ӨСжАҚЖҚ -3)
Есеп беру мерзімінде, жолданымдардың қарау және одан әрі бағыттау мерзімдері бойынша бұзушылық анықталған жоқ.
Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу
Қағиданың 15 тармағына сәйкес, жарнама қамтылған 27 ұсыныс бұлты құжат айналымы жүйесіне қарау үшін ауыстырылып, орындалды.
Талдау барысында анықталғаны, ең көп қаралған жолданымдар ТЖД мен Тараз қаласы ТЖБ -412 (66,4%), ал, ӨСжАҚЖҚ» ММ- 58 (9,3%). Қалған 10 аудандық ТЖ бөлімдерінде 151 (24,3%) өтініш .
Жасалған мониторинг бойынша 62 жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары келесі сипаттамалар бойынша: төтенше жағдайлар - 27, азаматтық қорғау- 46, өрт сөндіру және өрт қауіпсіздігі – 402, кадрлар мәселелері -21, қаражат және мемлекеттік сатып алу -28 , ақпараттандыру және байланыс - 9, өнеркәсіп -8 және басқалар- 80.