Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт күні

Қазақ халқы ежелден кез-келген мереке кезінде түрлі жарыстар ұйымдастырған. Осыған орай, Жуалы ауданы азаматтық қорғау гарнизонында көкпар, аударыспақ, асық ату, күрес, қол күрес, гір тасын көтеру және кермеге тартылу сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Бұл іс-шара құтқарушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спортқа деген қызығушылқтарын одан әрі арттырды. Олар бұл әрекеттерімен халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарын дәріптеді.

ТЖД баспасөз қызметі