Таразда құтқарушылар мен әскери қызметшілер өзара әрекеттестік шараларын пысықтады

Таразда  құтқарушылар мен әскери қызметшілер өзара әрекеттестік шараларын пысықтады

     

2025 жылдың 19 наурызында Тараз қаласындағы №63563 әскери бөлімінің аумағындағы қоймада  шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Алдынала болжам бойынша жоғарыда аталған әскери бөлімнің аумағындағы қоймадан өрт шыққан және құтқарушылар келіп жеткенше әскери қызметшілер өз күштерімен тиісті өрт сөндіру жұмыстарын атқарған. Шақырту орнына Тараз қаласы №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, сондай-ақ №4 және №20 өрт сөндіру бөлімдерінен барлығы 7 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 32 адам жеке құрам жедел жетіп, тиісті өрт сөндіру және адамдарды құтқару мен қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарымен айналысты. Шақырту орнында қашықтан өртті сөндіруге және қорғауға 7 лафеттi өрт сөндіру оқпаны қолданылды. Оқу-жаттығу аумағында 2 жауынгерлік участок құрылды. Құтқаруышлар оқиға орнында  1 адамды құтқарды және 25 адамды қауіпсіз орынға көшірді.  Айта кеткен жөн, аталған оқу-жаттығуға Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Шайкрамов жетекшілік етті, сонымен қатар Кезекшілік өрт сөндіру қызметі мен Медициналық апаттар орталығының қызметкерлері де жұмылдырылды.   

         Өрт-тактикалық жаттығуды өткізудегі мақсат әскери бөлім қызметкерлерімен өрт туындаған жағдайда өзара әрекеттестік жұмыстарын  одан әрі арттыру болып табылады. Өрт-тактикалық сабақ қорытындыланып, жеке құраммен атқарылған жұмыстар тиісті деңгейде бағаланды.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі