Шу аудандық тарихи-өлкетану мұражайында өрт-тактикалық сабақ өтті

Шу аудандық тарихи-өлкетану мұражайында өрт-тактикалық сабақ өтті

2025 жылдың 12 ақпанында Шу ауданы, Төле би ауылы №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Шу аудандық тарихи-өлкетану мұражайында өрттің алдын алу іс-қимылын пысықтау мақсатында өрт-тактикалық сабақ ұйымдастырылды.

Сабақтың мақсаты мұражай қызметкерлерінің өрт туындағанда атқаратын әрекеттері мен құтқарушылардың шартты өрт оқиғасын дер кезінде тоқтатып, таралу қаупін болдырмау.

Сабақ өз деңгейінде өтіп, азаматтық қорғау қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқау жүргізді.

Жамбыл облысы ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы