«Тараз Энерго Центр» АҚ ғимаратында өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді

«Тараз Энерго Центр» АҚ ғимаратында өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді

      «Тараз Энерго Центр» АҚ аумағында өрт-тактикалық жаттығу өтті. Шараның мақсаты – нысанның технологиялық процестері мен ерекшеліктерімен танысу, сондай-ақ төтенше жағдайдағы әрекеттерді пысықтау болды.

      Cценарий бойынша, цехтардың бірінде қысқа тұйықталудан өрт шыққан болып саналды. Қызметкерлер жедел түрде өрт сөндірушілерді шақырып, адамдарды эвакуациялады. Оқиға орнына келген күштер 30 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндіріп, 3 адамды құтқарып, 35 адамды эвакуациялады.

     Жаттығу соңында қызметкерлер профилактикалық сабақ өткізіп, нысан бойынша экскурсия жасады, оның ішінде су көздері мен кіреберіс жолдары тексерілді. Жаттығу төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

      Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі