Жылан ұстау операциялары жалғасуда

Жылан ұстау операциялары  жалғасуда

  

Жамбыл облысының азаматтары "112" пультіне үйге , көликке немесе сарайға кірген жыландарды ұстауға көмек сұрап жүгінуде. 

Қоңырау шалушылар құтқарушыларға келіп, жыландарды ұстауға көмектесуді сұрайды.

Құтқару бөлімшелері мекен-жайларға барып арнайы құрылғылардың көмегімен жыландарды ұстайды, содан кейін оларды табиғи ортаға шығарады.   Мұндай операциялар әдетте 10-нан 15,20 минутқа дейін созылады. Бірақ үй иелері бұл туралы қатты алаңдайды.

Тұрғындарға еске салғымыз келеді, жыландардың пайда болуы тек бір нәрсені білдіреді - олар үшін қолайлы жағдайлар.  Көбінесе жыландар көктемде жылы және ылғалды тіршілік ету ортасын іздейді, олар күн сәулесінде немесе тамақ іздеп шұңқырлардан шығады. Сондықтан оларды осындай шарттардан қалай айыруға болатынын қарастырыңыз.  Ауланы ретке келтіріңіз, үйілген тастарды, ағашты және басқа қоқыстарды алып тастаңыз, кеміргіштермен күресу жыландардан құтылудың жақсы нәтижелеріне әкеледі.

      Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі