Су тасқыны орын алған қиын жағдайдағы өңірлерге көмекке Жамбыл облысынан арнайы техникалар жөнелтілуде

Су тасқыны орын алған қиын жағдайдағы өңірлерге көмекке Жамбыл облысынан арнайы техникалар жөнелтілуде

   Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлерімен Талас теміржол бекетінде 30 адам жеке құрам Атырау облысына жөнелту мақсатында арнайы техникаларды тиеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, тиеуге Ұлттық ұлан мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылған. Жамбыл облысынан 107 бірлік техника жөнелту жоспарланған.   Атырау бекетіне дейін жүк "ҚТЖ" ұлттық компаниясымен белгіленген кесте бойынша жеткізілетін болады .

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі