Су тасқынының алдын алу жұмыстары бақылауда

Су тасқынының алдын алу жұмыстары бақылауда

  

         Ауа райы болжамына сәйкес алдағы күндері нөсер жаңбыр және күшті жел болжамына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Сәйкесінше  еріген қар суы және еңіске қарай ағын қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал.Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, наурыз айының аяғында  нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны болуы мүмкін. Осыған орай  Жуалы ауданында су тасқынының алдын алу бойынша дайындық шаралары жалғасуда. Бұл шара ауылдық округ әкімдерінің жетекшілігімен барлық  елді мекендерде жүргізілуде.

       Құрметті аудан тұрғындары мен мекеме басшылары! 

       Сіздерден, жеке тұрғын үйлеріңіздің аулаларын, арықтарды, көпірлерді  қоқыстан тазартып, жауын-шашын салдарынан болатын қауіпке бей-жай қарамауларыңызды сұранамыз.

 

Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі