Көмірқышқыл газы-өлімге әкеледі!

Көмірқышқыл газы-өлімге әкеледі!

    

 

Жылыту пештерін пайдалану кезінде жанғыш материалдардан бөлінген улы газ қауіп тудырады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс аумағында қатты және газ тәріздес отынмен пешпен жылытудың ақаулығы салдарынан көміртегі тотығымен улану салдарынан 1 адам қаза тауып, көміртегі тотығымен улану салдарынан 1 адам жарақат алды.

Осыған байланысты ТЖ департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысының аумағында тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп,  жадынамалар тарата отырып, профилактикалық сипаттағы іс-шараларды тұрақты негізде өткізуде.

Көміртегі тотығымен уланудың барлық фактілері азаматтардың жылу құрылғыларына немқұрайлы қарауымен байланысты (өрт қауіпсіздігі талаптарын елемеу және дұрыс пайдаланбау), бұл ретте, көп жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтар қаза табады.

Көміртегі тотығы-көміртегі жанғанда немесе оның қосылыстары жанғанда пайда болатын түсі мен иісі жоқ газ. Бұл газ машиналардың пайдаланылған газдарында, табиғи газда, жанып тұрған көмірдің түтінінде және жарық газында болады. Көміртегі тотығын ингаляциялау ұзақтығына, сондай-ақ оның концентрациясына байланысты зардап шеккен адамда бас ауруы, жүрек айну, бас айналу немесе құлақтың шуылы сияқты улану белгілері пайда болуы мүмкін. Егер бұл өте ауыр улану болса, онда жәбірленушіде тыныс алудың сал ауруы болуы мүмкін және бұл тұншығудан өлімге әкелуі мүмкін.

Көміртегі тотығымен улану оқиғаларының 70% - ы жылыту пештерінің түтін мұржаларының ақаулығынан немесе дұрыс жұмыс істемеуі кезінде орын алады.

Улы газбен улануды болдырмау үшін Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сізден келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстануыңызды сұрайды.

Егер пеш дұрыс жұмыс істеп тұрса, онда жанармайдың жануы кезінде өндірілген көміртегі тотығының мөлшері әдетте қауіп төндірмейді.

Есіңізде болсын, сақтық - Сізге және Сіздің жақындарыңызға көміртегі тотығымен уланудың алдын алудың кепілі!!!

 

 Жамбыл облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары

                                                                                                 Дархан Қалдырбек