Тікелей эфирде алғыс айту

Тікелей эфирде алғыс айту

         Тараздық өрт сөндірушілер тікелей эфирде бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыстарын білдірді.

     Бүгін Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары "Хабар" республикалық арнасының "Оян" телебағдарламасында облыста жүргізіліп жатқан өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары туралы айтып берді.   Тікелей эфир барысында қаланың шағын аудандарының бірінде жақында болған өрт талқыланды, оны сөндіру кезінде баспалдақпен 14 адам эвакуацияланды, олардың арасында 5 бала болды.    Оқиға орнына жеке құрамның 27 адамы және ТЖД техникасының 9 бірлігі жұмылдырылды.

     Өрт сөндірушілер төтенше жағдайға уақтылы және сауатты жауап берген үй тұрғындарына алғыстарын білдірді, бұл үлкен шығындарды болдырмауға көмектесті .

     Өрт сөндірушілер халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

      Бағдарлама "бүгінгі күннің батырлары"тақырыбында өтті.

     Жамбыл облысы ТЖД бааспасөз қызметі