Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – еліміздің ең басты мерекелерінің бірі. Біздің Отанымыз жүзжылдыққа тең келетін жолдарды өтіп, қазіргі әлемде зор беделге ие болды, қоғамның демократиялық дамуына жағдай жасады. Еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығына бұдан әрі нығаюы үшін қызмет ету – бұл әрқайсымыздың адал борышымыз.
Мереке қарсаңында ағымдағы жылғы 13 желтоқсанда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу сыныбында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика және құқық» факультетінің «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдары магистрі Асқар Жақсылықұлы Қадырқұлов шақырылды. Ол ТЖД жеке құрамына қазақ халқының басты байлығы мен құндылығы – қоғамдық келісім мен бірліктің, тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміздің қол жеткізген сәттіліктерін қоғамның ой-өрісіне бекітілуінің маңыздылығын айтып өтті. Еліміздің тәуелсіздік және демократизация жолындағы жетістіктерін мақтан тұту, бір-бірімізге деген достастық пен сыйластық сезімін шынайы сезіну, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық ара-қатынастың нығайуына белсене қатысу үлкен бақыт. Іс-шараны өткізу барысында Қазақстан Республикасының құрылу жолы туралы деректі фильм көрсетілді. Орталық азия өңірінің лидері, Қазақстан шарықтап даму үстінде. Бүгінгі таңда, біздің Республикамыз Халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйеде лайықты орнын алды деп сенімді айтуға болады.
Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Азат Бердебекұлы Абдразақов семинарға қатысушы қонаққа мағынасы терең дәріс оқығаны үшін алғыс білдірді.
Аталған іс-шараға Департамент аппаратының қызметкерлері және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы қатысты.
Жамбыл облысының ТЖД КТЖБ Тәрбие жұмысы тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Нурдаулет АСИЛЬХАН