
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар
департаменті бастығы полковник
Е. Момбаев
« » 2023 ж.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Тараз қаласы 2023 жылғы « » .
Кіріспе бөлім: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) бастығының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №138 бұйрығына сәйкес Департаменттің 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейінгі аралығы кезеңінде қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-ішкі талдау) жүргізілді.
Ішкі талдау Департамент бастығының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №138 бұйрығымен бектілген келесі жұмыс тобымен жүзеге асырылды:
Жұмыс тобының басшысы: Момбаев Ермек Жамбылұлы – Департамент бастығы;
Жұмыс тобының құрамы:
Әкімбаев Мақсат Әшірбайұлы – Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы;
Ахметов Нуриддин Нұрматұлы – Департаменттің Анықтау бөлімінің бастығы;
Абсатов Әлібек Әділбекұлы – Департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы;
Асанкулов Мадияр Ахметұлы – Департаменттің Қаржы және мемлектетік сатып алу басқармасының басшысы;
Дүйсенбеков Мырзағали Серікбайұлы – Департаменттің Заң тобы бас маманы;
Шоңғараев Ердәулет Сәрсенбекұлы – Департаменттің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы;
Несіпбай Ербол Сәбитұлы – Департаменттің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының жеке құрам бойынша инспекция тобының аға инспекторы;
Сәдірмеков Жомарт Сағатбекұлы - Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы техникалық нормалау тобының бас маманы;
Бекболат Жомарт Серікұлы - Департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
Ережепов Жанболат Толыбайұлы – Департаменттің Анықтау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісі:
Департамент азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, Анықтау бөлімі және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметтерінің келесі бағыттары бойынша жүзеге асырылды:
1) талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Департамент облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлінісі болып табылады. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, Департаменттің Ережесіне және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Департамент Ережесі Қазақстан Республикасы министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы №16 бұйрығымен бекітілген.
Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының негізгі өрт бақылау функциялары, өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік тәжірбиесі, Анықтау бөлімінің өрттермен байланысты қылмастық істерді жүргізу және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ авариялық құтқару жұмыстары мына нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі:
- «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (11.04.2014 ж. №188-V ҚРЗ);
- «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» (29.10.2015 ж. №375-V ҚРЗ);
- «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (14.07.2014 ж. №235-V ҚРЗ) (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК);
- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» (29.06.2020 ж. №235-VI ҚРЗ);
- «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (06.01. 2011 ж. № 380-IV);
- «Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысы;
- «Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу және олардың күшін жою, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тіркеу және тексеру
және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығы;
- «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 85 бұйрығы;
- «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (04.07.2014 ж. №231-V ҚРЗ);
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (03.07.2014 ж. №226-V ҚРЗ);
- «Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы №445 бұйрығы;
- «Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің регламентін бекіту туралы» Қазақсткан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 198 бұйрығы.
- «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығы;
- «Дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елдi мекендерде өрттерді сөндiру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығы;
- «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығы;
- «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы.
- «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығы;
- «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығы.
Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының негізгі өрт бақылау функциялары, өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік тәжірбиесі, Анықтау бөлімінің өрттермен байланысты қылмастық істерді жүргізу және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ авариялық құтқару жұмыстары Департаменттің ережесіне және жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сәйкес келеді.
Талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бақылау және қадағалау саласындағы республика заңнамаларындағы реформа кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік саясаттың приоритетті бағыт болуын ескере отырып азаматтық қорғау органдары оларды ұстады. Бірақ, тәжірбие көрсеткендей қазіргі таңда тексеру жүйесі азаматтық қорғау органдарына республика аумағында өрт қауіпсздік жағдайына тиісті бақылау жүргізуге мүмкіндік бермейді, атап айтқанда:
1) Кәсіпкерлік кодекстің жаңа реттеу саясатына сәйкес ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілмеген объектілерге, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге тыйым салынған.
Бұл ретте, аталған шектеуде ерекшелік жоқ, нәтижесінде оның ішіне жоғарғы қатер тобындағы объектілер кіреді (ірі өндірістік, ірі сауда, адамдар жаппай жиналатын объектілер, білім беру объектілері және т.б.). Пайдалану процесінде кейбір объектілер бұл норманы қолдана отырып, бірнеше рет жаңа шағын кәсіпкерлік субъектісін құрып тексеруден босатылуда.
Мысалы, облыс аумағындағы «Казфосфат ЖЖФЗ» ЖШС ЖФ, «Казфосфат МТЗ» ЖШС 2022 жылы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілген, бірақ бұл ұйымдар қайта құрылуы салдарынан ағымдағы жылғы профилактикалық бақылаудан босатылды. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес соңғы жылы 1200 астам шағын кәсіпкерлік субъектілеріне соңғы 4 жыл ішінде ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілген жоқ, осыған орай бұл объектілерде профилактикалық бақылаудан босатылды, яғни азаматтық қорғау органдары аталған санаттағы объектілерге бақылау жүргізе алмайды.
Аталғандардың негізінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кәсіпкерлік кодекстің бұл нормасында жоғарғы қатер тобындағы объектілерге қатыстылығы бөлігін алып тастау мәселесін қарастыру қажет деп санайды.
2) Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу бағытында бектіліген профилактикалық бақылау тізбесіне енгізілген объектінің қайта құрылуына байланысты (заңды тұлғаның қайта тіркелуі, субъектінің немесе объекітінің атының өзгеруі, мекен жайының ауысуы және т.б.) профилактикалық жүргізудің мүмкін еместігі орын алуда. Бірақ қайта құрылу жаңа заңды тұлғаның құрылуынсыз жүргізілуде, субъектінің қызметі және иесі бұрынғы күйінде қалуда. Бұндай жағдайда Кәсіпркерлік кодексте қайта құрылған объектіге профилактикалық бақылау жүргізу бойынша тиісті норманың болмауына байланысты мүмкіндік болмайды. Сонымен қатар, аталған коллизия тексерілетін субъектіге профилактикалық бақылаудан босауға мүмкіндік жасайды. Бұрынырақ қолданыста болған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жоспардан тыс тексерудің негізінде қайта құрылған немесе атауы өзгерген субъектіге қатысты, егерде оған қатысты тексеру жоспарланған жағдайда тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін норма қарастырылғандығын атап айту қажет.
Осындай жағдайға жол бермейтін норманы әзірлеуді қажет деп санайды, яғни жоспардан тыс тексеру негізінде қайта құрылған немесе атауы өзгерген субъектіге қатысты, егерде оған қатысты профилактикалық бақылау жоспарланған жағдайда бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін норманы қалпына келтіруді немесе объектілер бойынша субектіге байланыстыра отырып бақылауды жоспарлау жүйесін қалыптастыру мәселесін қарастыруды қажеттігі туындауда.
3) Азаматтық қорғау органдарына өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуымен объектілерді пайдалануды тоқтату туралы мәселеге тек қана талап арыз өндірісі ғана емес азаматтық және әкімшілік өндіріс тәртібінде бастамашылық ету құзырет берілген (Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 462-бабы, 3-бөлімі). 2023 жылдың өткен кезеңінде ӘҚБтК 462 –бабы 3 бөлімі бойынша азаматтық қорғау органдарымен қозғалған және шешім қабылдау үшін сотқа жолданған 60 әкімшілік материалдарының (бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдаманы орындаудан бас тарту) тек қана 5 (8%) істер бойынша объектіні пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылданған. Аталған процедура тиісті нәтиже бермеуде. Сот талқылауы өтіп жатқан кезде объекті бұзушылықтармен пайдалана береді. Тоқтату бойынша шығарылған сот шешімі орындалмайды, атқару өндірісі сотпен белгіленген тоқтату мерзімі аяқталғаннан соң қысқартылады. Бұл жағдайды пайдалана отырып, кәсіпорындар жүйелі негізде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ақшалай қаражат бөлуді іздестірмейді және айыппұл төлеумен шектеледі, объектіде өзінің қызметін жүзеге асыратын немесе тұратын адамдарға күнделікті қауіп төндіре отырып объекті бұзушылықтармен пайдалана береді. Бақылау және қадағалау саласындағы республика заңнамаларына сәйкес, адамдар жаппай жиналатын объектілердің өртке қарсы жай-күйін қауіпсіз жағдайға келтіру туралы ұйғарым талаптарын орындамаған хаттағы субъектілерге әрі қарай әсер етуге Азаматтық қорғау органдарының құқықтық негізі жоқ.
Осыған орай, облыстық ТЖД Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, қоршаған ортаны, адамдардың өмірі мен денсаулығын, заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне және еркіндігі мен конституциялық құқықтарына тікелей қауіп төндіретін субъекті қызметінің кесу жолын қарастыру мақсатында азаматтық қорғау органдарына қадағалау функциясын беру мәселесін қолдау жасайды. Егерде объекті адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін бұзушылықтармен пайдаланып отырған жағдайда объектіні үш күннен аспайтын мерзімге тоқтату және міндетті түрде аталған мерзімде сотқа талап арыз жолдау ұсынылады. Бұл жағдайда объектінің жұмысын тоқтату немесе тыйым салу жөніндегі инспектордың актісі сот шешімі шыққанға дейін жарамды болып табылады. Объектіні пайдалануды тоқтату туралы соңғы шешім сот органдарына қалады.
4) Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргізу ережесіне сәйкес экспертті ұйым аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттеріне жүргізілген аудит бойынша қорытындыларының көшірмелерін ұсынады. Ұсыналған қорытындылар бойынша экспертті ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізіледі. Бірақ, берілген қорытындылар нәтижесі олардың шынайлығы бойынша қандайда бір күдік тудыруда. Жалпы қоса алғанда аудитпен 46 қорытынды берілген, оның барлығы оң нәтижелі немесе 100%.
Аудиттің оң қорытындысы берілген күнге дейінгі мерзімде объектіде мемлекеттік тексеру кезінде көптеген бұзушылықтар анықталған, олардың бірқатар ұзақ уақыт бойы жойылмағандығы, бұндай деректердің жекелеген еместігі берілген қорытындылардың шынайлығына күдік тудырады. Одан бөлек мемлекеттік тексеру және аудит арасындағы уақыт бірқатар жағдайларда бір айды құраған. Сонымен бірге, қалыптасқан жағдай өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит, бұзушылықтар үшін мінетті түрде объектінің тоқтатуға дейінгі әкімшілік және ұйғарымдаушылық шараларын қолданатын мемлекеттік бақылаудан тыс қалу механизімі болып отырғандығын байқатуға мәжбүрлеуде. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиттің бұндай форматы өзінің жарамсыздығын дәлеледі деп санаймыз және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау қызметі аясынан бұл түрді алып тастау мәселесіне бастамашылық білдіреді.
Осыған орай, жұмыс тобы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит институты оның қызметін қайта қарау жөніндегі түбегейлі шаралар қабылдауды талап етеді, оның ішінде егжей тегжейлі регламенттеу, экспертті ұйымдарға бақылау орнату, аудиторға қойылатын талаптарды және олардың жалған қорытынды бергені үшін жауапкершілігін заңнамалық деңгейде күшейту қажет деп санайды.
2.1. Қызметкерлер құрамын басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды анықтау.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің штаттық саны (ТЖД, «ӨСжАҚЖҚ» ММ) – 869 бірлікті құрайды, оның ішінде басшылық құрамы – 232 бірлік, қатардағы құрам – 523 бірлік, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер – 13 бірлік, азаматтық қызметшілер – 101 бірлік.
Департамент бойынша кадрлардың жинақталмауы 13 бірлікті (1,49%) құрайды, оның ішінде басшылық құрам – 6 бірлік (2,58 %), қатардағы – 4 бірлік (0,76%), мемлекеттік әкімшілік қызметшілер – 1 бірлік (7,6%), азаматтық қызметшілер – 2 (1,98%).
Азаматтық қорғау органынан жұмыстан босатылғандар саны – 26 бірлік (2022 ж. – 17, +53%) қызметкер мен азаматтық қызметшілер, оның ішінде өз еркімен – 5 бірлік (2022 ж. – 8, -37,5%), зейнеткерлікке құқық беретін жасқа толуына байланысты – 5 (2022 ж. – 1, +5 есе), денсаулық жағдайы бойынша – 5 бірлік (2022 ж. – 5), басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты – 9 (2022 ж. – 0, +9 есе), штаттың қысқаруына байланысты – 0 (2022 ж. – 2, + 2 есе), кері себептермен – 1 (2022 ж. – 1), қайтыс болуына байланысты – 1 бірлік (2022 ж. – 0, +1 есе).
Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – 67 (оның ішінде: ТЖД – 20; «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ – 47) (2022 ж. – 62, +25,8%).
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Ұжымда мүдделер қақтығысын болдармауды бақылау мақсатында алынған анонимді сауалнамалар ішкі талдау жүргізілген сайын алынады. Алынған сауалнаманың нәтижесін жұмыс тобымен зерделеу барысында мемлекеттік лауазымға орналасу процесінде туыстық фактілері және жақын туыстары (ата-аналары), балалары, асырап алушылары, асырып алғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері немесе жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары (жұбайының, зайыбының) аға-інілері, апа-сіңілері (қарындастары), атан-аналары және балалары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарды иемендеу фактілері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің болуы төмен.
3.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті және оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері ғимараттың өртке қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру және өрт қауіпсіздігі саласында өзге де сипаттағы мемлекеттік қызмет түрін жүргізбейді және аталған қызметті көрсетуге нұсқайтын қандайда бір нормативтік құқықтық актілер жоқ.
Рұқсат беру жүйесін реформалау қандайда бір қызмет түрін келесу барысында өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылаудың барлық элементері толық жойғандығын атап өтемін. Яғни, 2009 жылдан бастап 69 рұқсат беру процедурсы жойылған (оның ішінде азаматық қорғау органдарынан 20 лицензияланатын қызмет түрі бойынша кәсіпкерлердің қорытынды алуының қажеттегі жойылған).
Қазіргі таңда заңды тұлғалардың қандай да бір қызметті жүргізу бойынша азаматтық қорғау органдарынан өрт қауіпсіздігі саласында қандайда бір рұқсат алудың қажеттелігі жоқ.
«Мемлекеттік қызмет алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызмет алу бұл қызмет алушының өтініші бойынша жекелеген тәртіпте жүргізілетін және олардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін іске асыруға, оларға материалдық немесе материалдық емес қолайлылық жасаға бағытталған жекелеген мемлекеттік қызметті іске асырудың бірден бір нысаны.
Бірақ, азаматтық қорғау органдарына объектінің өртке қарсы жағдайы бойынша ақпарат алумен немесе өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізумен байланысты бастамашылық өтініштердің болуы орын алуда. Аталған өтініштер тікелей ерікті түрде жүргізіледі және оларды қарау бойынша берілген жауаптар рұқсат беру функциясын атқармайды.
Заңды және жеке тұлғалардың бастамашылық өтініштері «Әкімшілік рәсімдік-процестік туралы» ҚР Кодексі аясында қаралады және қандайда бір қосымша регламенттеуді талап етпейді.
3.4. Рұқсаттар беру функцияларын жүзеге асыру.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 қаңтардағы Заңына сәйкес Департамент тарапынан бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензитялар) берілдмейді. Алайда, осы Заңның 25-бабы, 2-тарамағына сәйкес Департамент рұқсат беру органының сауалы негізінде бес жұмыс күні ішінде тиісті рұқсат беру органына өтініш берушінің лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тексеру жүргізеді.
Мысалы, «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы №783 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары талаптарына сәйкес Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің (бұдан әрі - МЕӨҚҚ) өрт автокөліктерінің дайындығына техникалық байқау жүргізу үшін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінде комиссия құрылған. Аталған комиссия мүшелері МЕӨҚҚ өрт автомобилінің дайындығына техникалық байқауды оның орналасу орыны бойынша жүргізеді. МЕӨҚҚ өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығына техникалық байқау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген МЕӨҚҚ қойылатын Біліктілік талаптарының 1-қосымшасына сәйкес өтініш жасаушының өтініш жасау сәтінен бастап, бес жұмыс күні ішінде әр тарапқа біреуден екі дана акті жасалады.
Жалпы, тексеру нәтижесінде Департамент рұқсат беру органының сауалы негізінде тиісті рұқсат беру органына өтініш берушінің лицензиялау кезінде өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауапты жолдайды.
Департаментпен 2022 жылы лицензиялау кезінде өрт қауіпсіздігі саласында біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы 3 жауап берілді («ОПЧС Строй» ЖШС, «Семсер Өрт сөндіруші» АҚ, «Құтқарушы» ЖШС өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығына техникалық байқау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген МЕӨҚҚ қойылатын Біліктілік талаптарының 1-қосымшасына сәйкес өтініш жасаушының өтініш жасау сәтінен бастап, бес жұмыс күні ішінде акті рәсімделіп, рұқсат беру органына жолданды). Ал, 2023 жылы лицензиялау кезінде өрт қауіпсіздігі саласында біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы бір жауап берілді («Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығына техникалық байқау жүргізілді).
Департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы рұқсат беру органының сауалы негізінде бес жұмыс күні ішінде тиісті рұқсат беру органына өтініш берушінің лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тексеру жүргізу барысында инспектор мен ұйым өкілінің арасында тікелей байланыс болады және «адами фактор» орын алу себебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелі сақталады.
3.5. Бақылау-ревизиялық функцияларын жүзеге асыру.
Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, Анықтау бөлімі және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ ревизиялық функцияны жүзеге асырмайды. Сонымен бірге Департаменттің Анықтау бөлімі және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бақылау функциялары жоқ.
Мемлекеттік өрт бақылау қызметі жеке және заңды тұлғалармен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған және оның мақсаты өрттерден мемлекетті, қоғамды мүліктерді және адамдарды қорғаудың тиісті жағдайы болып табылады. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау нақты 61 өртке қарсы қызметкерімен жүргізілуде және олар өздерінің қызметтерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы объектілерге арналған белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарымен регламенттейді.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасымен 18567 объект есепке алынған, олардың 2205 жоғарғы қатер тобына жатады және жылына бір рет профилактикалық бақылау жүргізіледі, орта қатер тобындағы 354 объект екі жылда бір рет тексеріледі және маңыздылығы қатер тобындағы 16008 объект тек қана жоспардан тыс тексеріледі.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 12 ай ішінде Департаменттің өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторларымен шаруашылық жүргізуші субъектілерге 2090 өрт-техникалық тексеру жүргізді (2021 жылы -2023, немесе 3% - ға өсті, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша -1174, бұрын берілген ұйғарымдаманың орындалуын бақылау -916), олардың барысында 11419 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылығы анықталды (2021 жылы -11798, 3% - ға кемілді).
2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында тексеру кестесінің орындалуы 99% құрады (жоспарланған 602 нысанның 596 - ы ерекше тәртіппен тексерілді, шынайы себептер бойынша 6 нысан бақылаудан алынды, оның ішінде 3 нысан кәсіпкерлік санатын шағын санатқа ауыстырды, 1 – күрделі жөндеу, 2-орналасу орнын ауыстыру), 2-ші жартыжылдықтағы тексеру графигінің орындалуы 95% құрады (жоспарланған 607 нысанның 578 - ы ерекше тәртіппен тексерілді, шынайы себептер бойынша 29 нысан бақылаудан алынды, оның ішінде 3 нысан кәсіпкерлік санатын шағын санатқа ауыстырды, 10- аудиттің оң қорытындысын алды, 3 – күрделі жөндеу, 7-нысын қайта құрылды, 6- нысынынң жұмысы тоқтаған).
Тексеру нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 1662 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021 жылы – 1353 немесе +22%). Оның ішінде 505 (2021 жылы – 296 немесе +70%). тұлғаға 20 млн.414 мың 895 теңге (2021 жылы-11 млн. 842 мың 948 теңге) көлемінде айыппұл салынды, 1147 тұлға ескерту берілді (2021 ж. – 1057 н/е +9%). Айыппұлды өндіру 99% - ды құрады (20 млн.261 мың 745 теңге сомасына 502 айыппұл өндіріп алынды, 122520 сомасына 2 айыппұл сот орындаушысына мәжбүрлеп орындау үшін жіберілді, 30630 сомасына 1 айыппұл ерікті түрде төлеу мерзімі аяқталған жоқ).
Бұрын анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдаманы орындамау бойынша (ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі негізінде) әкімшілік сотқа 148 әкімшілік материал (2021 ж. -121) жолданды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22% - ға өскен.
Нәтижесінде бүгінгі күні 131 әкімшілік материал бойынша сот жалпы соммасы 34 млн.293 мың 961 теңгеге айыппұл салды. Сонымен қатар, айыппұлдармен қатар, 28 объектіні 30 тәулікке пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім шығарылды және 17 әкімшілік материал соттың қарауында.
Бұдан басқа, 5 білім беру объектісіне қатысты жобалық сметалық құжаттамасыз қайта жаңартуды жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 314-бабының 1-бөлігі (белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және реконструкциялау кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу) бойынша әкімшілік материалдар қозғалып, сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот шешімімен 4 лауазымды тұлғаға және 1 заңды тұлғаға жалпы сомасы 1 млн. 200 мың 696 теңге айыппұл салынып, жүргізілген жұмыстар 30 тәулікке тоқтатылды.
2023 жылғы 1-ші жарты жылдықтағы өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылау кестесіне 598 объекті енгізілді, ал 2-ші жартыжылдықтағы профилактикалық бақылау кестесіне 228 объекті енгізілді.
Анықтама: барлығы жорағы қатар тобындағы 2257 объектінің ішінде 1-ші және 2-ші жартыжылдықта 826 объекті енгізілген, яғни 1431 объекті кестеге келесі себептерге байланысты енгізілмеген:
2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында профилактикалық бақылау кестесінің орындалуы 95% құрады (жоспарланған 598 нысанның 573 - ы тексерілді, шынайы себептер бойынша 25 нысан бақылаудан алынды, оның ішінде 5 нысан кәсіпкерлік санатын шағын санатқа ауыстырды, 2 – аудит, 2-орналасу орнын ауыстыру, 6- жалға беру, 10 –жаңа реттеу саясаты).
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері ағымдағы жылы 8 айда шаруашылық жүргізуші субъектілерге 710 (2022 ж -1427) өрт-техникалық тексеру жүргізді (оның ішінде: профилактикалық бақылау -616, бұрын берілген ұйғарымдаманың орындалуын бақылау -77, прокуратура органының тапсрымасы бойынша -17), олардың барысында 7091 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылығы анықталды (2022 ж. -8004).
Бұрын анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдаманы орындамау бойынша (ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі негізінде) әкімшілік сотқа 69 әкімшілік материал (2022 ж. -126) жолданды.
Нәтижесінде бүгінгі күні 42 әкімшілік материал бойынша сот жалпы сомасы 13 млн. 454 мың 500 теңгеге айыппұл салды. Сонымен қатар, айыппұлдармен қатар, 5 объектіні 30 тәулікке пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім шығарылды және 7 әкімшілік материал соттың қарауында.
2022 жылы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Тараз қаласының білім беру объектілерінің тексеру материалдарын зерделеп, анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды міндетті түрде жою бойынша қабылданған шаралардың толықтығын тексерді.
Тараз қаласының білім беру объектілерінің тексеру материалдарын зерделеу барысында №4 орта мектепті соңғы тексеруді ерекше тәртіппен Тараз қ. ТЖБ аға инженері М. Дүйсембаев 21.02.2022 ж. жүргізгенін көрсетті, оның нәтижелері бойынша тексеру туралы актімен өрт қауіпсіздігі талаптары бұзушылықтарының жоқтығы анықталды. Сонымен қатар, Тараз қаласы ТЖБ бас маманы Д. Қалдырбектің объектіге тікелей шығуы және оны тексеру барысында №4 орта мектептің бірнеше жыл бойы өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұза отырып пайдаланылып келе жатқанын көрсетті, ал 2022 жылы мектеп ғимаратын көзбен шолып қарау кезінде 3 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары анықталды.
Тараз қаласының білім беру объектілерінің өртке қарсы жай-күйінің толық көрінісін қалыптастыру үшін №19, №13 орта мектептер мен Тараз қаласының №7 мектеп гимназиясын тексеру нәтижелері туралы тексеру материалдары ішінара зерделенді, оларда объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер етпейтін, 4 кем болмашы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды. Сонымен қатар, оларды анықтау үшін өрт қауіпсіздігі саласында арнайы терең білімнің қажеті жоқ. Сапасыз бақылауды жүзеге асырудың көрсетілген жекелеген мысалдары Тараз қаласы ТЖБ аға инженері М. Дүйсембаев тексеру жүргізу алдында объектінің өрт қауіптілігін сипаттайтын материалдарды, оның ішінде жобалау құжаттамасын, өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін қажетті нормативтік құқықтық актілерді зерделемегендігі және соңғы 5 жыл ішіндегі алдыңғы тексерулердің материалдарымен таныспағандығы туралы тұжырым жасауға жеткілікті. Азаматтық қорғау органдарына өрттің алдын алу, оның ішінде мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асыру арқылы міндеттері жүктелген. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесі жоғары бақылаудағы объектілерді сапасыз бақылау өрттердің қайғылы салдарлары кең қоғамдық шиеленіс тудырады, өрттердің алдын алудың бүкіл жүйесіне көлеңке түсіреді, бұл орын алған жағдай өрт қауіпсіздігін бақылаудың мемлекеттік жүйесіне қатысты халықтың сеніміне нұқсан келтіреді. Осыған байланысты инспектордың іс-әрекетін қызметтік міндеттерді орындауға немқұрайлы қарау, жұмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын қолдану мәселелерінде принциптілігінің болмауы ретінде қарастыруға болады. Аталған факті бойынша М.Дүйсембаевтан түсініктеме алынды, онда ол жоғарыда көрсетілген әрекеттерді растады, сондай-ақ жұмыста жіберілген кемшіліктерді мойындайды және болашақта осындай бұзушылықтарға жол бермеуге міндеттенді. Жоғарыда аталғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 56-бабын басшылыққа ала отырып, қызметте жіберілген бұзушылықтары үшін Департамент бастығының 2022 жылғы 3 наурыздағы №46 ж/қ бұйрығымен Тараз қаласы ТЖ басқармасының аға инженері азаматтық қорғау майоры Мейірбек Серікбайұлы Дүйсембаевқа «сөгіс» жарияланды.
Бұл келтірілген мысал, тексеру сапасына бақылау элементерінің жоқтығын, инспекторлардың сауаттылығын көтеру, оларға қызмет парызын, адалдылықты және тексеру сапасынан адамдардың өмірі жауапкершілігін енгізу және өрттен және оның салдарынан қорғанудың жоқтығы туралы қорытындыны қалапыстыруға жеткілікті. Қалыптасқан жағдай мемлекеттік инспекторларға әртүрлі деңгейдегі басшылар тарапынан бақылаудың төмендігін байқатуда, нәтижесіде инспекторда бақылаусыздықтың және барлық мүмкіндіктің орын алу сенімі қалыптасады, бұл сыбайлас жемқорлық көрінісін тудыруы мүмкін.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының зерттеу өрт-сынақ зертхана құрамында 2 –штатты қызметкер бар (бас маман және аға инженер), олар өрт салдары кезінде оның шығу себебі мен өрт ошағын анықтау, адам өлімі мен ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілген және қоғамдық сипат туғызған өрттерді зерделеуге маман ретінде жұмылдырылады.
«Жылжымалы өрт техникалық зертханасы» автокөлігінде орналасқан өртті зерделеу кезінде қолданылатын 15 қондырғылары мен құрал жабдықтарын сертификат сәйкестігіне сынақтан өткізу мақсатында, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Тараз, Алматы және Қарағанды филиалдарымен келісім-шарттары жасалынып 15 аспаптар мен құрылғыларға сынақтан 2022 жылы қазан айында өткізілді.
2022 жылы зерттеу өрт-сынақ зертхана мамандарымен өрт оқиғасы орын алған нысандарға 74 шығу ұйымдастырылды. Нәтижесінде зерттеу өрт-сынақ зертхана қызметкерлерімен өрттің орналасқан ошағы мен шығу себебі туралы 74 қорытынды жасалды, атап айтсақ тұрғын үй секторында-39 оқиға, сауда нысандарында - 6 өрт оқиғасы, қойма орындарында-1 өрт оқиғасы, денсаулық сақтау саласында-1 өрт оқиғасы, автокөліктерде- 14 оқиға, монша-кір жуу кешендерінде-1 өрт оқиғасы, өндірістік ғимараттарда-4 өрт оқиғасы, аул шаруашылық нысандар – 4 өрт оқиғасы, құрылыс нысандары – 1 өрт оқиғасы, темір жол қөлігі – 1 өрт оқиғалары және тұншықтырғыш газбен улану 2 фактісі бойынша зерттеу өрт-сынақ зертханасының қорытындысы берілді.
2023 жылғы 8 айда өрт оқиғасы орын алған нысандарға 80 шығу ұйымдастырылды. Нәтижесінде Зерттеу өрт-сынақ зертхана қызметкерлерімен өрттің орналасқан ошағы мен шығу себебі туралы 80 қорытынды жасалды, атап айтсақ тұрғын үй секторында-47 оқиға, сауда нысандарында-3 өрт оқиғасы, қойма орындарында-3 өрт оқиғасы, білім беру нысандарында-1 өрт оқиғасы, автокөліктерде-17 оқиға, монша-кір жуу кешендерінде-1 өрт оқиғасы, әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда-4 өрт оқиғасы, өндірістік ғимараттарда-2 өрт оқиғалары алған, ауыл шаруашылық нысандарда – 1 өрт оқиғасы, құрылыс нысандарда – 1 өрт оқиғасы бойынша зерттеу өрт-сынақ зертханасының қорытындысы берілді.
Жалпы, өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік инспекторлар, сондай-ақ өрті зерттеу жұмыстыры барысында зерттеу өрт-сынақ зертхана қызметкерлері мен ұйым өкілдерінің арасында тікелей байланыс болады және «адами фактор» орын алу себебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелі сақталады.
2.6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
2022 жылы республикалық бюджеттен төлемдер бойынша бөлінгені 3 013 082 400 теңге (ТЖД – 556 163 400 тенге, «ӨСжАҚЖҚ» ММ - 2 456 919 000 тенге), оның ішінде игерілгені – 3 013 067 296,3 теңге немесе 99,9% (ТЖД – 556 162 500,49 тенге, «ӨСжАҚЖҚ» ММ - 2 456 904 795,81 тенге):
материалдық-техникалық жарақтандыруға (арнайы техниканы, кеңсе тауарларын, ұйымдастыру техникасын сатып алу және т. б.) – 30 589 545,53теңге;
басқа шығындар (жалақы, коммуналдық, ЖЖМ және т. б.) – 2 407 278 167,27 тенге.
Жергілікті бюджеттен 547 394 000 теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені- 547 016 121,56 немесе 95,9%:
ТЖ алдын алу бойынша іс-шараларға (ұшуларға, космомониторингке) – 58 618 000 теңге, оның ішінде игерілгені – 58 526 139,36 тенге;
материалдық-техникалық жарақтандыруға (қорғаныс құралдары, арнайы жабдықтарды сатып алуға және т.б.) – 441 395 000 тенге, оның ішінде игерілгені- 441 109 745,64 теңге;
Күрделі жөндеуге - 47 381 000, оның ішінде игерілгені- 47 381 000 теңге.
Материалдық – техникалық жарақтандыру тиесілілік нормаларының 77% құрайды, әртүрлі мақсаттағы 156 бірлік техника бар, оның ішінде: 72 бірлік өрт сөндіру, 17 бірлік құтқару, 69 бірлік қосалқы техника, 12 бірлік есептен шығаруға жатады.
2023 жылы республикалық бюджеттен төлемдер бойынша бөлінгені 3 007 921 200 теңге (ТЖД – 534 780 200 тенге, «ӨСжАҚЖҚ» ММ - 2 473 141 000 тенге) оның ішінде игерілгені – 2 873 417 027 теңге немесе 95,5%, (ТЖД – 510 345 945 тенге, «ӨСжАҚЖҚ» ММ - 2 363 071 082 тенге):
материалдық-техникалық жарақтандыруға (арнайы техниканы, кеңсе тауарларын, ұйымдастыру техникасын сатып алу және т. б.) – 66 946 000 теңге;
басқа шығындар (жалақы, коммуналдық, ЖЖМ және т. б.) – 2 806 471 027 теңге.
«ӨСжАҚЖҚ» ММ материалдық-техникалық жарақтандыру үшін РБ тен күрделі шығындарына 156 750 000 тенге.
Жергілікті бюджеттен 507 066 000 теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені- 507 017 489 немесе 99,99%:
ТЖ алдын алу бойынша іс-шараларға (ұшуларға, космомониторингке) – 55 374 708 теңге, оның ішінде игерілгені – 55 374 708 тенге;
материалдық техникалық жарақтандыруға (қорғаныс құралдары, арнайы жабдықтарды сатып алуға және т.б.) – 421 679 000 тенге, оның ішінде игерілгені- 421 678 199 теңге;
күрделі жөндеуге (ЖСҚ әзірлеу) – 9 930 000, оның ішінде игерілгені - 9 929 027 теңге.
Материалдық – техникалық жарақтандыру тиесілілік нормаларының 74% құрайды, әртүрлі мақсаттағы 147 бірлік техника бар, оның ішінде:71 бірлік өрт сөндіру, 17 бірлік құтқару, 59 бірлік қосалқы техника, 16 бірлік есептен шығаруға жатады.
ТЖД Материалдық – техникалық жарақтандыру тиесілілік нормаларының 95,2% құрайды, әртүрлі мақсаттағы 20 бірлік техника бар, 1 бірлік есептен шығаруға жатады.
2.7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңында және қағидаларында дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы тұрғысынан жүргізілген ішкі талдау мыналарды анықтады:
Шарттар жасасудың тек қана электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын айқындауға мүмкіндік берді. Белгіленген диапазоннан асатын бағалар бойынша шарт жасалған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесі автоматты түрде іске қосылады, бұл тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
1) табиғи монополиялар салаларына жататын қызметтерді, сондай-ақ электр энергиясын кепілді жеткізушімен энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату қызметтерін сатып алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) Егер құндық мәндегі осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен, жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден аспаса, егер құндық мәндегі осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі республикалық маңызы бар заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды сатып алу.
Сонымен қатар, тапсырыс берушінің тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу құқығы өнім берушімен алдын ала сөз байласу бойынша Тапсырыс беруші көрінеу көтерген баға бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтиды.
Ішкі талдау мыналарды анықтады:
Аталған нормативтік құқықтық актілерде коммуналдық мүлікті, коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша түскен, республикалық меншіктен берілген сыйға тарту шарты бойынша өткен мүлікті басқару тәртібі нақты айқындалған.
Қатаң айқындалған іс-қимылдардың кезеңділігі мен дәйектілігі, орындау мерзімдері мен жүргізу әдістері Мемлекеттік орган қызметкерлеріне қандай да бір шешімдерді өз бетінше қабылдауға және актілерде жазылғаннан басқа мәселелерді шешудің өзге де тәсілдерін қолдануға мүмкіндік бермейді, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау қаупін болдырмайды.
2.8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері бақылау функциясын іске асыру аясында мемлекеттік органдардың келесі ақпараттық жүйелерін қызмет бабында және күнделікті қызметте қолданады:
- Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі;
- Тексеру субъектілер мен объектілерінің біріңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі;
- Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі;
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлармен «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесін» және «Тексеру субъектілер мен объектілерінің біріңғай тізілімінің ақпараттық жүйесін» қолдану барысында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен бекітілген «Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу және олардың күшін жою, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тіркеу және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидалары талаптарын және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 85 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларынының» талаптарын бұзғаны үшін 2022 жылы 11 қызметкер, 2023 жылы 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Анықтау бөлімімен қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу өрттермен байланысты қылмыстық істерді жүргізу кезінде Сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі қолданылады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай ақ Сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - СДТБТ) бұйрығына сәйкес әрбір тоқсан сайын Анықта убөлімі қызметкерлерімен құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобына келіп түскен құрамында қылмыстық белгілері бар өтініштер мен хабарламаларға және жазбаша түрде тікелей жүгінген арызданушыларға берілетін талон хабарлама журналы, сонымен қатар Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің СДТБТ ақпараттық жүйесіне тіркелген өтініштер мен хабарламаларға және сенім телефоны, материалдарды беру есебінің кітабы, апаттық оқиғалар және СДТБТ қолжетімділік болмаған жағдайда сотқа дейінгі тергеулердің тіркелуін есепке алу журналының жай-күйіне тексеру жүргізілуде.
Жалпы жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай ақ СДТБТ жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің регламенті талаптарының бұзушылығы үшін 2022 жылы 6 анықтаушы, 2023 жылы 3 анықтаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2.9. Ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
1) Департамент және оның құрылымдық бөлімшелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бағыты бойынша:
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне» (бұдан әрі - ҚР ӘППК) сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қойылатын жалпы талаптары Департаментте 2021 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады.
Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қолданыстағы бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (БЭҚАЖ) мен қатар «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу жұмыстарын жүргізеді. Осы Кодексте 64 бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды Департамент қамтамасыз етеді.
ҚР ӘППК нормаларын жан-жақты зерделеу және жұмыс барысында басшылыққа алу мақсатынды құрылымдық бөлімшелердің жеке құрамына «е-өтініш» АЖ жұмыс істеу жөніндегі Жадынама», «Е-өтініш» АЖ жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулық , ҚР ӘППК бойынша оқыту бейнеролигі жеткізілді және ҚР ӘППК 74 - бабына сәйкес Тыңдау хатамасының үлгісі жасалды, сонымен қатарарыз иесінің «Е-Оtinish»-тегі өтінішін кері қайтарып алуды өңдеу жөніндегі іс-қимылдардың тізбегі мен алгоритм нұсқаулығы жеткізілді.
Қазақстан Республикасының кодексіне сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және сапалы, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, нақты деректердi қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық бөлімдері басшыларының жауаптылығы күшейтілді.
Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы орындаушыларға күн сайын ескерту арқылы өтініштердің уақытылы орындалуын бақылауды іске асырады.
Департменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы азаматтар және занды тұлғаларымен өзара ашықтық әрекеттестікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 90 бабына сәйкес бекітілген кесте бойынша апта сайын жеке қабылдау жүргізеді. Департамент басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау кестесі облыс аумағында таралатын «Знамя труда» бұқаралық ақпарат құрал бетінде екі тілде жарияланды. Сонымен қатар, Департаменттің сайтына орналастырылды және кесте азаматтардың еркін қол жеткiзілуiн қамтамасыз ету үшін ғимараттың 1-ші қабатына ілiнді. Ғимараттың 1-ші қабатында «азаматтардың өтініштері үшін» жәшігі ілінді.
Департамент басшылығы Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын 1 қабатта орналасқан қоғамдық қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Басшылыққа жеке қабылдауына алдына ала жазылу жұмыстары ұйымдастырылды.
Департамент басшылығы жеке қабылдауында 2022 жылғы жеке және заңды тұлғалардың 4- өкілін қабылдады келесі мәслелер бойынша: Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша -2, 1-мемлекеттік сатып алу және 1- банк қызметтерін түсіндіру мәселелері жөнінде.
2022 жылы Департаментте және оның бөлімшілерінде 443 - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркелді (2021 жылдың осы мерзімінде – 414). Өтініштердің жалпы санының 11% өсуі байқалады.
443- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркелді, 38 - өтініш басқа органдарға құзыреті бойынша жолданды. Дубликат -15. Есеп мерзімінің соңына қаралмай қалғаны - 0.
Тіркелген 443 –өтініштердің түрлері: өтініштер – 342, шағымдар – 8, ұсыныстар -12, басқалар - 67.
Департаментте және оның бөлімшілерінде 8 шағым тіркелді, 1 шағым бойынша әкімшілік рәсімге қатысушысымен тыңдау өткізілді.
Шағымдар келесі сипаттамалар бойынша: 1- ТЖБ қызмекерлерінің әрекеттестісіздігіне – шағым қанағаттанбай қалды; 1- қоқысты өртеу бойынша – қолайлы әкімшілік акт қабылданды; 1- шпалдан құрылған үйді сайдингпен безендіруі өрт қауіпі болуы ықтималдығы бойынша, 5-Үй соғу кезінде техникалық регламентін сақталмағаны жөнінде.
Департаментте және оның бөлімшілерінде жалпы қаралған өтініштердің саны -405, қарау қортындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды: қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 309 ( 76,3%), ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 1 (0,2 %), иесіне жауап берілді - 77 ( 19%), тоқтатылды - 6 (1.48 %), назарға алынды – 3 (0,74%), басқалар - 9 ( 2,28 %).
2022 жылы 1-өтініштің орындау мерзімі ұзартылды, ал мерзімі бұзылып орындалған және шағымданған әкімшілік акт болған жоқ.
Жасалған мониторинг бойынша 443 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келесі сипаттамалар бойынша: төтенше жағдайлар -42, өрт сөндіру және өрт қауіпсіздігі – 320, мемлекеттік қызмет және кадрлар мәселелері -26, қаражаттандыру және мемлекеттік сатып алу - 12, компенсациалық, материалдық және басқа төлемдер -15, ақпараттандыру және байланыс - 10, зейнет – 6, экология және табиғи ресурстар - 6, БАҚ -1 және басқалар -25.
443 - жеке және заңды тұлғалардың өтініштердің түсім көздері: пошта -17, қолмақол -316, азаматтарды қабылдау кезінде -4 және Е-өтініш ақпараттық жүйесі бойынша - 106.
Өтініштерді тіркеу,есепке алу, сапалы орындалуын және статистикалық есептілікті қалыптастыру жауапкершілігін күшейту мақсатында құрылымдық бөлімшілері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына мәселенің сипатын, қабылданған шешімдерін дұрыс толтыру жөнінде толықтырулар енгізілді.
Құрылымдық бөлімшелерге мониторинг жүргізу барысында Жамбыл, Мойынқум және Сарысу аудандық ТЖ бөлімдерінде өтініштердің сипаттамалары дұрыс таңдамайтыны анықталды. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тоқсандық статистикалық есебін Жуалы, Т.Рыскулов және Т.Рысқулов аудандық ТЖБ уақытылы мерзімінде жолдамамаған, бұл жағдай жалпы статистикалық есебін құрастыруға керіс әсерін тигізді.
2023 жылғы 1-ші жартыжылдығында Департаментте және оның құрылымдық бөлімшілеріне 333- жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары тіркелді. (2022 жылдың осы мерзімінде – 210). Өтініштердің жалпы санының 33 % өсуі байқалады.
333- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркелді, 32- өтініш басқа органдарға құзыреті бойынша жолданды. Дубликат -13. Қайталанған жолданымдар жоқ. Есеп мерзімінің соңына қаралмай қалғаны - 10.
Тіркелген 333 –жолданымдардың түрлері: өтініштер – 243, шағымдар – 7, ұсыныстар – 8, басқалар - 75.
Департаментте және оның құрылымдық бөлімшілерінде жалпы қаралған өтініштердің саны -291, қарау қортындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды: қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 198 (68%), ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 9 (3 %), иесіне жауап берілді - 68 (23%), тоқтатылды - 1 (0,5%), назарға алынды - 1 ( 0,5%), басқалар - 14 ( 5 %).
Жасалған мониторинг бойынша 333 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келесі сипаттамалар бойынша: төтенше жағдайлар - 13, азаматтық қорғау-14, өрт сөндіру және өрт қауіпсіздігі – 258, кадрлар мәселелері -11, қаражаттандыру және мемлекеттік сатып алу - 9, компенсациалық, материалдық және басқа төлемдер -13, ақпараттандыру және байланыс - 3, экология және табиғи ресурстар – 3, жер қатыныстар бойынша -8 және коллекторлық агенттігінің қызметі -1.
333 - жолданымдардың түсім көздері: пошта -5, қолмақол - 224, азаматтарды қабылдау кезінде -1 және Е-өтініш ақпараттық жүйесі бойынша -103.
2023 жылғы 5 айда «Е-Өтініш» АЖ-да өтініш берушіден 333 жолданым тіркелді, оның ішінде «Qlik» модулінің мәліметтеріне сәйкес 2,6 % (8) жолданым бойынша баға және пікір түрінде кері байланыс жасалды. Бейтарап – негативті «өте нашар» баға берілді, зерделеу жүргізу барысында 8 жолданымның: 5- азамат Болысбек Н (ЖОТЖД, Жамбыл, Қордай АТЖБ), 3 – Сайко М.В. («ӨСжАҚЖҚ» ММ, Тараз қаласы ТЖБ). Жолданымдар жауабына мониторинг жүргізу барысында «Өте нашар» бағамен орындаушылар келіспеді, жауап ҚР заңнамасы аясында берілген деп.
ҚР БП ҚС және АЕАЖК Жамбыл облысы бойынша басқармасының «Заңдылықты бұзушылықты жою туралы Ұсынысы» келіп түсті. «ӨСжАҚЖҚ» ММ бірқатар бұзушылықтар жол берілген, атап айтсак: «Е-Оtinish» АЖ тіркеу мерзімі бұзыла отырып қайта жолданған – 1 және 7 жолданым бойынша тыңдау рәсімі жүргізілмеген. Кодекстің 73 б. тәртібінде әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Арызды тіркеу нәтижесінде «жолданым түрі» дұрыс көрсетілмеген 18 факті анықталды, атап айтсақ: Тараз қаласы ТЖБ -5, Байзақ ауданының ТЖБ-4,Жуалы -3, Сарысу -2, Шу-1 және Жамбыл ауданының ТЖБ-3. Аталған бағытта жұмысты жетілдіру мақсатында Жамбыл облысының ТЖД 2023 жылғы 30 наурыздағы «Заңды және жеке тұлғалардың жолданымдарын есепке алуын, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша бақылауды күшейту туралы» №81 бұйрығы шығарылды.
2) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметінің бағыты бойынша:
Жамбыл облысында елді мекендерін, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандарды және мемлекет меншігіндегі өмірлік қамтамасыз ету нысандарындағы өртке қарсы қорғалуын Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – өрт сөндіру қызметі) 25 өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері қамтамасыз етеді, оның ішінде: 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 14 өрт сөндіру бөлімі, 1 өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімі, 4 өрт сөндіру бекеті, 4 құтқару станциясы (Тараз қ.–2, Каратау және Жаңатас қалалары). Өрт сөндіру мекемесінің штаттық саналымы – 739 бірлікті құрайды, оның ішінде аға және орта басшылық құрамы – 121 бірлік, кіші және қатардағы құрам – 517 бірлік, азаматтық қызметшілер – 101 бірлікті құрайды. Қызметтің жұмысын қамтамасыз ететін автотехника паркі 134 бірлік автокөліктен тұрады, оның ішінде - негізгі өрт сөндіру автомобильдері – 62 бірлік, арнайы өрт сөндіру автомобильдері - 16 бірлік, көмекші-556 бірлік.
Облыс бойынша тәулік сайын жауынгерлік кезекшілікте шамамен 130 өрт сөндіруші-құтқарушы, 30 бірлік арнайы өрт сөндіру-құтқару техникасы қызмет атқаруда және резервте 45 бірлік техника бар. Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы бекітілген күн тәртібіне сәйкес өзінің тікелей міндеттерін орындаудан басқа, қызмет өткеруден бос уақытында профилактикалық жұмыс жүргізу іс-шараларына тартылады.
2022 жылы өрт сөндіру бөлімшелерімен облыс бойынша дабыл бойынша 2958 шығу тіркелді, бұл көрсеткіш 2021 жылмен (2021ж. - 2712) салыстырғанда +9%-ға артқан (+246), оның ішінде:
- өртке – 749 шығу, +16% артқан (2021ж. – 644 өрт),
- АҚЖ жүргізуге – 310 шығу, -7% кеміген (2021ж. – 332 АҚЖ),
- жану оқиғасына – 1832 шығу, +9% артқан (2021ж. – 1684 жану),
- расталмаған жану оқиғасына – 67 шығу, (2021ж. – 51),
- жалған шақыруларға – 0 шығу (2021ж. 1 жалған шақыру тіркелді).
Өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Мекеменің жеке құрамымен: - құтқарылғаны – 282 адам, -82 адамға кеміген (23%) (2021ж. – 364), - қауіпсіз орынға көшірілгені – 623 адам, -50 адамға кеміді (7%) (2021ж. – 673), - дәрігерге дейінгі алғашқа көмек көрсетілді – 57 жарақат алған адамға, +49 адамға артқан (2021ж. – 8 адам). Өрттің қауіпті факторларынан әр түрлі дәрежелі жарақат алғандар саны - 10 адам / (2021ж. – 110 адам), қаза болғандар саны - 8 адам (оның ішінде 2 бала) / (2021ж. – 34 адам). Жалпы өрттен келтірілген материалдық шығын 116 627 470 тг. құрады (2021 жылы – 59 029 807 тг.), +48 827 586 тг. артқан.
2023 жылдың есептік 8 айында өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерімен дабыл бойынша 2799 шығу тіркелді (2022 ж. – 2017),оның ішінде: - өртке – 547 (2022ж.-478,+12 % өскен); - авариялық-құтқару жұмыстарына – 279 (2022ж. –200,.+28% өскен); - жану оқиғаларына – 1916 (2022ж. - 1286, +32%-өскен); -расталмаған жану фактілері – 56 (2022ж. – 52). Өрт сөндіру мен АҚЖ жүргізу кезінде: - құтқарылған адамдар саны – 466, (2022ж. - 255адам, +45%); - қауіпсіз орынға көшірілгендер –542 (2022ж. - 555адам,-2,3%); - зардап шеккен 14адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді (2022ж. –51 адам). Өрттің қауіпті факторларынан әр түрлі дәрежелі жарақат алғандар саны - 10 адам / (2022ж. – 6 адам), қаза болғандар саны – 13 адам / (2022ж. –4 адам). Жалпы өрттен келтірілген материалдық шығын 102 млн.234 мың тг. құрады (2022 жылы – 92млн.589мың тг).
Жеке құраммен тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Қызметтік-әскери тәртіптің және заңдылықтың сақталу мәселелері жедел кеңестерде, аппараттық және қорытынды кеңестерде үнемі қаралады және талқыланады. Басшылардың қызметтік-әскери тәртіп пен ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі үшін жауапкершілігі күшейтілген.
Дегенмен, атқарылған жұмыстарға қарамастан 2023 жылғы есептік кезеңде өрт сөндіру қызметінің 55 қызметкері (2022 ж. – 43 қызметкер) тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жалпы Былтырғы жылмен салыстырғанда 27,9 % өсуі байқалады, алайда кұрделі, яғни өрсекел қылық көрсеткендердің статистикасы ұлғайған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қаматамсыз ету мақсатында «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РМК және Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып шаралар өткізіліп отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының талаптарын сақтау мақсатында жыл басынан 24 іс-шара өткізілді, оның ішінде «дөнгелек үстел», сабақтар және семинарлар. Дөнгелек үстелдер «Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі» өкілдерін шақыруымен өткізілді.
Ағымдағы жылы ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен Мекеме қызметкерлеріне қатысты алынған ақпараттардың талдауына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ. Мекеменің сенім телефондарына қызметкерлерге қатысты арыз, шағымдар келіп түскен жоқ.
Халықтың Мекеме қызметі туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында атқарылған шаралар мен жұмыс нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни, теледидарда, баспа басылымдарында, электрондық ақпараттық агенттіктерде, радио желісінде, ведомстволық әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер жұртшылығында тұрақты түрде жарияланып отырады.
3) Анықтау бөлімі қызметінің бағыты бойынша:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы ТЖ Министрлігінің бөлімшелеріне өртпен байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру өкілеттігі берілді.
Осыған байланысты Жамбыл облысы ТЖ Департаментінде анықтау бөлімі құрылды және Тараз қаласы ТЖ басқармасы және аудандық ТЖ бөлімдерінде штаттық анықтаушы лауазымдары енгізілді. Анықтау саласының қызметкерлері қажетті оргтехникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. 2022 жылы Департаменттің анықтаушылары Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының базасында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Сонымен қатар 2021 жылғы 8 қазандағы ҚР Бас Прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысының хаттамасына сәйкес, арандату, азаптау және қатыгездікпен қарау, тергеудің өзге де тыйым салынған әдістерін қолдану, заңсыз ұстау және жедел іс-шаралар жүргізу фактілерін болдырмау мақсатында, Департамент және оның құрылымдық бөлімшелерінің жауап алу бөлмелері бейнебақылау құрылғыларымен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда азаматтық қорғау оганы, өрттермен байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру амалдарын, ҚР Бас Прокурорының 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулықа сәйкес, электондық форматта жүргізуде.
Департаменттің және құрылымдық бөлімшелерінің анықтаушыларына, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізілімі (бұдан әрі - СДТБТ) ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне СДТБТ ақпараттық жүйесіне кіру құқығы берілді. Сонымен қатар «құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу» ҚАО ААЖ (СИО ПСО) жүйесіне кіруге анықтау қызметкерлеріне рұқсат алынды.
2022 жылғы 12 ай қорытынды бойынша СДТБТ ақпараттық жүйесіне 3984 өтініштер мен хабарламалар тіркелген, оның ішінде 2870 қараусыз қалдырылып номенклатуралық іске шығарылды 677 әкімшілік іс қозғалған 429 аумақтық ведомствалығы бойынша полиция органдарына жолданған 3 АЕК қосымша біріктірілген және 8 қылмыстық іс қозғалды.
2022 жыл қорытындысы бойынша Жамбыл облысы аумағында өрттермен байланысты 8-қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 6-материал қылмыс құрамының болмауына байланысты тергеп-тексеру ісі қысқартылған, 2-материал тергеулігі бойынша полиция органдарына жолданған.
2022 жылы Депаратменттің құрылымдық бөлімшелерінің есепке алу тіркеу тәртібінің жай-күйіне 82 тексеру жүргізілді, Тексеру нәтижесінде ҚР Бас Прокурорының 2014 ж. 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығы және ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 ж. 30 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің регламенті талаптарының бұзу бойынша 46 кемшілік анықталып, 23 жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 басшы құрам.
2023 жылғы 31 тамызға дейінгі өсу ретімен СДТБТ ақпараттық жүйесіне 3813 өтініштер мен хабарламалар тіркелген, оның ішінде 2988 қараусыз қалдырылып номенклатуралық іске шығарылды 514 әкімшілік іс қозғалған 303 аумақтық ведомствалығы бойынша полиция органдарына жолданған, 2 материал қосымша тігілген және 7 қылмыстық іс қозғалды.
2023 жылғы қазіргі уақытқа дейін облыс аумағында өрттермен байланысты 7 – қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 5-материал қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылған, 1-метериал 292-бабы, 2-бөлігінен, ҚР ҚК-нің 202-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағына сараланып тергеулігі бойынша полиция органдарына тергеуге жолданған. 1-материал бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы Депаратменттің құрылымдық бөлімшелерінің есепке алу тіркеу тәртібінің жай-күйіне 113 тексеру жүргізілді, Тексеру нәтижесінде ҚР Бас Прокурорының 2014 ж. 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығы және ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 ж. 30 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің регламенті талаптарының бұзу бойынша 33 кемшілік анықталып, 17 жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жыл сайын Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі. Осы жоспарға сәйкес тоқсан сайын жалпыға бірдей құқықтық білім беру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Департамент ғимаратының 1-қабатында баршаға көрінетін жерде кеңсе бөлмесінде және кіреберісте (Департаменттің, Комитеттің 1424 CALL орталығы) сенім телефондары туралы ақпараттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар орналастырылған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін кезеңде жек ежәне заңды тұлғалардан Департаменттің сенім телефонына және өтініштер мен ұсыныстар жәшігіне шағымдар, ескертпелер түскен жоқ. Ішкі талдау жүргізілетін аралықтағы кезеңде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ. Мұны жұмыс тобы ҚР Бас прокуратурасы құқықтықстатистика және арнайы есепке алу комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен әр тоқсан сайын алынып отырған талаптардың нәтижесін зерделеу барысында анықталды.
Ағымдағы жылғы Департаментте және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде тәртіпті, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылды нығайту бойынша 50 (2022 ж.- 48) іс - шара өткізілді, оның ішінде 31 (2022 ж.-29) - құқық қорғау органдарының, «Аманат» партиясы филиалдарының қызметкерлерін және Агенттік департаментінің өкілдерін шақырумен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызметінің қызметкерлерін шақыра отырып өткізілді.
Тәртіп пен сыбайлас жемқорлық мәселелері әртүрлі деңгейдегі
17 (2022 ж.-15) кеңесте қаралды. Департамент бастығының төрағалығымен тәртіптің жай-күйі, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері 17 аппараттық (2022 ж.-15) және 3 жедел кеңестерде (2022 ж. – 2) қаралды, онда барлық басшы құрамға осы бағыттар бойынша 35-дан астам тапсырма берілді.
Осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы БАҚ және әлеуметтік желілерде 13 материал жарияланды (2022 ж. – 7).
Есепті кезеңде Департаментке 3 шолу келіп түсті, олар жеке құраммен тиісті профилактикалық жұмыс жүргізу үшін барлық құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерге жіберілді.
Тәртіпті сақтау үшін бөлімшелер бойынша күнделікті рейдтер жүргізілетін жеке құрам инспекциясының қызметі бақылауға алынды. Сондай-ақ, барлық аудандық бөлімшелерді қамтитын кенеттен рейдтік іс-шаралар демалыс күндері өткізіледі.
2023 жылғы өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам жөніндегі инспекция қызметкерлерімен 30 рейдтік іс-шара өткізді, оның қорытындысы бойынша 13 бұзушылық анықталып, 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесі тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер санының 16,6% - ға төмендеуіне алып келді. (2023 ж. – 40 адам, 2022 ж. - 48 адам).
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен басқа да қылмыстардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлеріне 22 адамнан тұратын ТЖ-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне экскурсия жүргізілді.
Айта кету керек, 2023 жылдың өткен кезеңінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жүргізілетін профилактикалық жұмыстың арқасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ, алайда бұл жағдай осы бағыттағы жұмыстан бас тартуға себеп болмауы керек, керісінше, сеніп тапсырылған бөлімшелердің жеке құрамының тәртіпті сақтауына барлық назар аудару қажет.
- Мемлекеттік инспекторлардың өрт қауіпсіздігі талаптары туралы білімін және оларды тексеру шараларында қолдануды білуін көтеру жөніндегі жүйелі жұмыстар ұйымдастыру;
- Тексеру жүргізу кезінде тексеру іс шараларын жүргізуде тәжірбиесі бар инспекорлардың құрамында тәжірбиесі аз немесе басқа қызметтен ауысқан инспекторлардың қатысуымен жүргізуді қолданысқа енгізу;
- Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығымен байланысты өрт оқиғалары бойынша қылмыстық істерді ашу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету. Іс жүргізуді заңсыз уақытша тоқтату және тоқтату фактілеріне қағидатты түрде ықпал етумен өрттер туралы қылмыстық істерді тергеу кезіндегі заңдылықтың сақталуына қатаң бақылау орнату;
- Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі қызметін арттыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі инспекторларды бейнетіркегіштермен және мобилді планшеттермен қамтамасыз ету;
- Келіп түскен өтініштердің саны және оны қарау нәтижелері туралы статистикалық мәліметтерді және салыстыру актісін сапалы дайындауды және есеп беру мерзімінен кешіктермей ұсынуды қамтамасыз ету;
- Департаменттің құрылымдық басқарма,бөлім және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшыларына жолданымдар бойынша қабылданған шешiмдердi уақтылы және сапалы орындалуына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын «Е-Оtinish» АЖ уақытылы тіркеуге және дұрыс толтыруға жауапты қызметкердің жауапкершілігін күшейту;
- Бақылаудағы объектілер басшыларымен, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен, «Аманат» партиясы филиалы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықты алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізуді ұйымдастыру;
- Қызметкерлердің проблемалық мәселелерін қарауды жалғастыру, оларды шешу бойынша шаралар әзірлеу, сондай-ақ қызмет өткеру, қаржылық және материалдық қамтамасыз ету, еңбек заңнамасын сақтау және қызметтік міндеттерді орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Ақпараттық сервис базасы арқылы заңдылықты бұзушыларға тәртіптік ықпал ету шараларын қолдана отырып, қызметкерлерді тексеруді ұйымдастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру үшін семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер, әңгімелер, сондай-ақ кездесулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
- Бөлінген қаражаты 100 % игеруді қамтамасыз етуге, жыл қорытындысы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекке жол бермеуге, алдағы кезеңдерге арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды уақтылы жүргізуге қатаң бақылау орнату;
- Департамент қызметінің ашықтығы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында акциялар мен челлендждер, сондай-ақ халықты ТЖ туралы ескертуге, хабардар етуге бағытталған рейдтер өткізе отырып, барлық іс-шараларды жариялауды жүргізу.
Жұмыс тобының мүшелері:
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы Әкімбаев М.Ә.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару
жұмыстары қызметі» ММ бастығы Абсатов Ә.Ә.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару
жұмыстары қызметі» ММ Өрт сөндіру
және авариялық-құтқару жұмыстарын
ұйымдастыру бөлімінің бастығы Бекболат Ж. С.
Анықтау бөлімінің бастығы Ахметов Н.Н.
Қаржы және мемлектетік сатып алу
басқармасының басшысы Асанкулов М.А.
Заң тобы бас маманы Дүйсенбеков М.С.
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының
жеке құрам бойынша инспекциясының
бас маманы Шоңғараев Е. С.
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының
жеке құрам бойынша инспекция тобының
аға инспекторы Несіпбай Е. С.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы
техникалық нормалау тобының бас маманы Сәдірмеков Ж. С.
Анықтау бөлімінің аса маңызды істер
жөніндегі аға анықтаушысы Ережепов Ж. Т.