Жамбыл облысында құрғақ шөп өртін сөндіру бойынша ақпарат

Жамбыл облысында құрғақ шөп өртін сөндіру бойынша ақпарат

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 ормадары) аумағында таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды.

Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ тікұшағымен аэровизуалды тексеру жүргізілуде.

Сөндіру жұмыстары басталғалы Казавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 13 рет  шамамен 19,5 тонна су төкті.

Өртті сөндіруге Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 270 адам, 36 бірлік техника, авиация жұмылдырылды.

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі