Бүгін Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы №13 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен жолда жүру ережелерін сатау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға Ақкөл ауылдық учаскелік полиция кызметкері, полиция майоры Кызтаубаев Бақтияр Тұргынбекұлы қонақ ретінде катысып, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол өз сөзінде жолда жүру ережелері бойынша соңғы енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге тоқталды. Шара барысында жеке құрамның назарына тақырып бойынша арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы