Жамбыл облысының құтқарушылары бір тәулікте отыздан астам шақыртуға шықты

Жамбыл облысының құтқарушылары бір тәулікте отыздан астам шақыртуға шықты

Жаз мезгілі келіп, ауа температурасының шамадан тыс көтерілуіне байланысты өрт оқиғалары да жиілегені жасырын емес. Оған төмендегі жайттар мысал бола алады.  

2023 жылдың 8 маусымында сағат 08.11-де Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефон нөміріне Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында орналасқан шаруа қожалығының  дән-дақыл сақтау қамбасынан өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Құлан ауылы №10 Өрт сөндіру бөлімінен 3 бірлік өрт сөндіру автокөлігі жедел шығып, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген. Көп ұзамай көмекке Меркі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінен  2 бірлік  өрт сөндіру автокөлігі, Сарыкемер ауылы №8 өрт сөндіру бөлімінен 1 бірлік өрт сөндіру автокөліктері келіп жеткен.  Өртті сөндіруге барлығы 30 дан астам жеке құрам жұмылдырылған.  Оқиға орнында 2 газ-түтіннен қорғау буыны жұмыс атқарған.  Өрттің ауданы 500 шаршы метрді құраған. От жауынгерлері қызыл жалынды 2 сағаттан астам уақытта жойды. Өрт салдарынан қамбанын темір жабындылары зақымдалып, ішіндегі 400 тонна арпа, 400 тонна пісте жойылды.

Сондай-ақ, дәл сол күні Қордай ауданы, Мұзбел ауылындағы тұрғын үйдің ауласында қора өртке оранған.  Оқиға орнына Отар ауылы №17 өрт сөндіру бекетінен 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 3 адам жеке құрам шығып, өрттің одан әрі таралуының алдын алып, 3 сағат өртпен арпалысып, өртті жойған. Өрттің ауданы 20 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынын қора жартылай зақымдалды.

Ал 10 сағат 25 минутта Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылында тұрғынүй өртенген.  Оқиға орнына Мойынқұм ауылы №18 өрт сөндіру бөлімінен 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 3 адам жеке құрам шыққан. Алайда, аталған өртті тұрғындар өрт сөндірушілер жеткенге дейін өздері сөндіріп үлгерген. Өрттің ауданы  50 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынын ас бөлмесі, кіреберіс бөлмесіз ақымдалып, қоймасы жойылды. 

Сондай-ақ, 9 маусымда сағат 05.49-да Сарысу ауданы, Жанатас қаласындағы «Казфосфат» ЖШС зауытының ауласында орналасқан цехтің ішінен өрт шыққан. Оқиға орнына Жаңтас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінен 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 3 адам жеке құрам шығып, өртті 1 сағаттан астам уақытта жойған. Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынын киім ауыстыратын бөлме, шомылу бөлмесі, әжетханасы зақымдалды.

Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары мұнан өзге қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасына  - 23 рет, электр сымының қысқа тұйықталу оқиғасына – 1 рет, апаттық-құтқару жұмыстарына – 1 рет, тұрғындардың құлыптанып қалған есіктерін ашып беру жұмыстарына – 3 рет шыққан.

Осы орайда облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратып, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмай, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды еске саламыз. Сондай-ақ, суға шомылу маусымы басталғандықтан тұрғындардың назарына балалардың кіммен және қайда жүргендігін әрдайым бақылаудан шығармай, сақтық шараларын сақтауды ескертеміз. Өрт немесе өзге де төтенше жағдайлар туындағанда «101», «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын жеткіземіз.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы