Тараздық от жауынгерлері парамедик курсы бойынша білімдерін шыңдады

Тараздық от жауынгерлері парамедик курсы бойынша білімдерін шыңдады

Ағымдағы жылдың 5-7 маусымы аралығында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 15 қызметкері  Жамбыл медициналық колледжінің   аймақтық симуляциялық орталығында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамдарды (парамедик) даярлау курсына қатысты.

Азаматтық қорғау қызметкерлерін аталған бағыттағы курсқа қатысуын ұйымдастыру жұмыстары Жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің құтқарушы-мейірбикесі Каримбаева Дина Мұратқызына жүктелді. Жалпы кез-келген төтенше жағдайлар мен өрт оқиғалары кезінде жедел медициналық жәрдем қызметі келгенге дейін әрбір өрт сөндіруші-құтқарушы зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете білуі тиіс. Ал бұл өз кезегінде бірнеше жанның өмірін құтқарып қалуға септігін тигізеді. Адамдар түрлі білімді игерсе де ешқашан да артықтық етпейді.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммене байланыс тобы