Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде осы мерекелерге арналған «Ерлік сабағы» атты іс-шара өтті. Жамбыл облысының ТЖД Кадр саясаты басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау майоры Нұрдәулет Асильхан Жеңіс күнін мерекелеудің маңыздылығы туралы айтып, соғыс майдандарында соғысқан қарапайым сарбаздардың, оның ішінде Қазақстанның Халық қаһармандары мен Кеңес Одағының Батырлары Хиуаз Доспанова мен Сағадат Нұрмағамбетов туралы айтты.
Ұлы Отан соғысы майдандарындағы шайқастарда көрсеткен батылдығымен және жанқиярлық әрекеттерімен нақты адамдар туралы әңгімелері отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.
Өткізілген «Ерлік сабағының» басты міндеті - әлемді қорғаған және болашақ ұрпаққа өз өмірлері үшін еркіндік берген аға буынымыздың ерлігі мысалдарын ұрпақтардың жадында сақтау қажеттілігі.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Кадр саясаты басқармасы