Батырды еске алу үшін шағын футболдан турнир өтті.

Батырды еске алу үшін шағын футболдан турнир өтті.

2023 жылдың 22 сәуір күні 2020 жылдың 26 тамыз күні қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан батыр Әділет Қанатбекұлы Әділбековты еске алу үшін Байзақ ауданы Құмжота ауылында шағын футболдан турнир өтті. Турнирді Әділеттің туыстары мен жақындары, достары мен сыныптастары ұйымдастырды. Іс-шараға демеушілікті Әділеттің отбасы мен достары жүктеді.

         Турнирге Байзақ ауданының ауылдық округтерінен 17 команда, сондай-ақ Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінен Әділеттің әріптестерінің бір команда қатысты. Салтанатты ашылу барысында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мансур Закирович Шайкрамов жиналғандардың алдында сөз сөйледі. Іс-шарадан кейін барлық жиналғандар, сондай-ақ Әділеттің әріптестері Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы аллеядағы ескерткішке барып, батырды еске алды.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы