Жамбыл облысының құтқарушылары тәулік бойы жұмыс атқаруда

Жамбыл облысының құтқарушылары тәулік бойы жұмыс атқаруда

Жамбыл облысының аумағында ауа-райының жылынуына орай тұрғынүйлердің аулаларын су басу жағдайлары жиіледі. Ал мұндай сәтте Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері халыққа көмек колын созуға кез келген уақытта дайын екендігін атап өткен жөн.  Мысалы, екінші ақпан күні сағат 17.24-те Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Шөлдала ауылындағы тұрғын үйдің бірінің ауласына жайылған суды сорып шығару жұмыстарына шыққан.  Жайылған суды жоюға 1 автокөлік және 1 мотопомпа техникалары мен  4 құтқарушы жұмылдырылды. Содан кейін 23.03-те құтқарушылар пәтерлердің бірінің есігін ашып беруге шығып, нәтижесінде полиция қызметкерлеріне көмек көрсетті. Ал 23.35-те құтқарушылар жол-көлік оқиғасы бойынша шақыртуға аттанған. Сонымен қатар,  Тараз қаласы бойынша осы және өзге де шақыртулардың кейбіріне тоқталсақ,  жедел-құтқару жасағының құтқарушылары өткен тәулікте 4 рет жолға шыққандығын аңғаруға болады. Мысалы, үй жануары мысық темір құбырда 3 тәулік бойы шыға алмағандығы жөнінде келіп түскен шақыртуға орай құтқарушылар оқиға орнына шығып, мысықты құбырдан шығарып, үй иесіне тапсырған.

Осыған байланысты Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындарына үйдің маңындағы су ағатын арықтарды қоқыстан тазартуды және судың өз жолымен еркін ағып кетуіне мүмкіндік жасауды ұмытпауды сұрайды. Сондай-ақ, ауладағы қарды да уақтылы тазалаған жөн. Осы және өзге де қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және төтенше жағдайларға жол бермеуге шақырады. Ал өрт немесе төтенше жағдай туындағанда шұғыл түрде  "101" немесе "112" нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын жеткізеді