Жамбыл облысында баспасөз конференциясы өтті

Жамбыл облысында баспасөз конференциясы өтті

     

2022 жылы Жамбыл облысының аумағында 753 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 8 адам қаза тапты. Ал 14 түтіннен улану жағдайы тіркелген. Аталған оқиға салдарынан 18 адам зардап шекті және 4 адам қаза тапты. Ал 2023 жылдың басынан бері  5 жағдай орын алып, 4 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты.

Сондай-ақ, өрт шықпай, газдың жарылу жағдайлары да орын алған. Атап айтсақ, ағымдағы жылы облыс аумағында газдың жарылуы бойынша 2 жағдай тіркелген

Газ құрылғыларын пайдалану бойынша халықты хабардар ету бөлігінде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, оларға қызмет көрсету, пайдалану және сақтау қағидаларын бұзу салдарынан газ бен газ баллондарының жарылыстарымен болған оқиғалар орын алуда.

  Осыған байланысты 2023 жылғы 2 ақпанда «Жамбыл облысы Әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы», "ҚазТрансГазАймақ" АҚ ЖОФ, "ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы департаменті" РММ өкілдерін шақыра отырып, баспасөз     конференциясы өткізілді.

   Іс-шараны Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.Н. Ақылбеков жүргізді.

   Баспасөз мәслихаты барысында қатысты мекемелердің өкілдері баяндама жасады. Жазатайым оқиғаларды азайту және оның  алдын алу бойынша өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.  Жалпы осы орайда халықтың әлеуметтік осал тобына ерекше көңіл бөлінуде екенедігін атап өткен жөн.  БАҚ өкілдері өз кезегінде көкейдегі сауалдарына тиісті деңгейде жауап алды. 

         Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі