Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, индексі 080009, Тараз қаласы, Қаратау м/а №42 үй, электрондық мекен жайы: fgu_kadry@mail.ru; анықтама үшін телефондар: (87262)-34-75-08; (87262)-999-091, факс: (87262)-34-75-08 азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасу үшін бос лауазымдарға құжаттарды жинақтауды жариялайды:
Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылы №18 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Шу ауданының Төле би ауылы №19 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Сарысу ауданы Саудакент ауылы №11 өрт сөндіру бекетіне -1 бірлік.
Функционалдық міндеттері:
Жүргізуші – арнайы дайындығы және өрт сөндіру автокөлігінің агрегатында жұмыс істеуге және басқаруға тиісті рұқсаты бар қарауылдың лауазымды тұлғасы. Өзіне бекітілген техниканың, сондай-ақ, онда орнатылған механизмдердің жауынгерлік даярлығына және мүлтіксіз жұмыс істеуіне жауапты.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі орта, жасы 18-ге толған және 35 жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес оңды себеппен мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Жүргізуші лауазымына үміткерлерде міндетті түрде жүргізуші ретінде «В,С» категориясы бойынша жүргізуші кәуілігінің Камаз, Урал, Зил маркалы автокөліктерінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы міндетті.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94 316 теңгеден 127 407 теңгеге дейін.
Құжаттарды қабылдау хабарлама жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттар пакетін толық емес көлемде ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Үміткерлердің құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы және полиграфологиялық зерттеудің нәтижесін қосады.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» (Тараз қаласы) мемлекеттік мекемесінде, Тараз қаласы, Қаратау м/а №42 үй, индексі 080009 мекен жайы бойынша жүргізіледі.