Міне, жазда өтті ...

Міне, жазда өтті ...

Балалар да, үлкендер де асыға күткен шуақты, нұрлы, ыстық жаз сыңғырлап, шулы өтті. Жағымды салқындықпен шақырған су қоймалары шулы топтан қаңырап бос қалды, мектеп және саяжай лагерлері жұмысын аяқтады. Ауа-райы бізді өзінің соңғы жылы, жұмсақ күндерімен әлі еркелетседе, таңертеңмен күз иесінің салқындығы сезіледі.

Бұл мақалада мен жазғы демалыстағы табиғатта, үйде және ауладағы ойындар мен көңіл көтеруді қорытындылағым келеді. Жазғы маусымның аяқталуына  қандай төтенше жағдайлар «жүгімен» келдік?. Өкінішке орай, статистика көрсеткіштер қуанышты болмайды.

 Сонымен, шомылу маусымы басталғалы (1 маусымнан бастап) Жамбыл облысында 3 суға бату оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапты, оның екеуі балалар       (10 және 7 жас). Балалар өлімінің алғашқы оқиғасы Шу ауданында орын алды.             5 шілде күні 19 сағат 10 минут шамасында Бірлік ауылынан 1 км жерде, Шу өзенінің бойында, шомылуға жабдықталмаған орында 10 жасар бала батып кетті. Білгім келгені, неге бұл уақытта бала үлкендердің қарауынсыз, бақылаусыз өзен жағасында қалды? Ол кезде ата-анасы қайда болды, не істеп жүрді? Екінші оқиға 23 шілдеде Жамбыл ауданы Жасөркен  ауылы Талас өзенінің бойында орын алды. Куәгерлердің айтуынша жеті жастағы қыздың добы желмен суға кетіп, допты алу мақсатында қыз суға түскен. Немересін ағыс алып бара жатқанын, өзі шыға алмай жатқанын көріп, құтқаруға ұмтылған атасында жылдам ағыс алып кеткен. Салдарынан суға 2 адам кеткен, 61 жастағы атасы мен 7 жасар немересі. Үшінші оқиға 31 шілдеде  Мынарал ауылынан 50 км, (Приозерск қаласынан оңтүстікке қарай 5 км) жерде Балқаш көлінде орын алған. Тағы да суға түсуге жабдықталмаған жерде суға түсіп, 20 жастағы жас жігіт қаза тапты.

Жыл сайын суға түсу маусымының басталуымен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындармен жиындар, брифингтер, радио-теледидар арқылы сөз сөйлеп, суға түсуге тыйым салынған жерлерге рейдтер жүргізеді, бұл ретте суға түсуге қатаң тыйым салынған жерлерде үлкен әріптермен «ЖҮЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!» деп жазылған маңдайшалар мен билбордтар ілінген. Бірақ дәл осы орындар біздің біршама кішкентай емес облысымыздың тұрғындарын:  ересектерді де, ең өкініштісі балаларды да магниттей тартады. Ал балалар бізден – ересектерден үлгі алады. Егер үлкен адам  жазуларды елемей, осында шомылса, неге суға түспеске. Бірақ ересек адамның күшін балалармен салыстыруға болмайды. Күндізгі уақытта барлық ата-аналардың балаларын жағдайға байланысты басқара алмайтыны түсінікті, бірақ одан шығудың жолын табу керек: телефон арқылы байланыста болу, көршілерден, үлкен балалардан, туыстардан бақылауды сұраңыз. Әйтпесе, бейбіт уақытта қадағаламаудың кесірінен жыл сайын біршама балалардан айырылып қаламыз (арықтарға, септиктерге, суару каналдарына батып кетеді, пойыздың астына түсіп қалады, т.б.).

Сондай-ақ жазғы кезеңде балалардың қатысуымен 3 жазатайым оқиғасы орын алды. 27 шілдеде Тараз қаласында 8-шағын ауданда 15 жастағы жасөспірім шатырдан құлап кеткен. 14 тамызда Жамбыл ауданыны  Аса ауылында ата-анасының қарауынсыз қалған 4 жасар бүлдіршін абайсызда баспалдақ торының 2-ші қабатынан құлап кеткен. Екі жағдайда да балалар көптеген жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілді. Ал 25 тамыз күні Тараз қаласындағы Асқаров көшесінің соңындағы суару арнасынан сағат 17:57-де ересектердің қарауынсыз суға құлап, батып кеткен, 4 жасар сәбидің денесі шығарылды.

Ал қайғылы статистиканың соңында балалардың терезеден құлау жағдайларын келтіремін. Өкінішке орай, бұл оқиғалар аяқталмауда. Ата-анасы үйде, бірақ кейбір себептермен балалардың қасында болмай қалғаннан, балалардың терезеден құлауы жалғысып жатыр. Жаз мезгілінде 2 жастан 3 жасқа дейінгі 4 бала зардап шеккен, 4 оқиға тіркелді. Олар аман қалғанымен, көптеген жарақаттар алды. Бұл жарақаттар болашақта қалай әсер етеді, олар бұл балаларға қалай жауап береді?  Біздің қызметкерлер  радиодан да, теледидардан да терезеден құлау туралы үнемі айтып жатыр, жадынамалар мен буклеттер де таратып жатыр. Ата-аналар, Сіздерден сұранарымыз,  терезеге немесе қылтима есігіне оқшаулау құралын  алыңыздар. Егер оны сатып алуға мүмкіндік жоқ болса, бала өз бетімен аша алмайтындай етіп есікті немесе терезені бекітіңіз, балалардың шатырлар мен қылтимаға кіруін шектеңіз. Балаларыңыздың болашағын ойлаңыз, олардың өмірін сақтаңыз.

Осындай қайғылы фактілермен жазды өткіздік. Алдағы күз мезгілінен не күтуге болады?

 

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Ақпараттық-аналитикалық тобының бас маманы

Евгения Яковлева