Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі семинар

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі семинар

Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Департаменттің оқу сыныбында «Діни экстремизмнің алдын алу – маңызды міндет» тақырыбында  семинар-сабақ өтті.

Семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Бақдәулет Мамырханұлы Тілеухан, Департаменттің аппарат және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қатысты.

Экстремизм мен терроризм мәнін әлеуметтік көрініс ретінде, олардың деструктивтілігі, заманауи өмірде біртіндеп үдеуі, сондай-ақ жастар ортасында таралмауын ескерту механизмдерін түсінуге қатысты мәселелерді талқылау белсенді пікірталас ретінде орын тапты. Мұндай шаралар жастарда экстремизм мен терроризм идеологиясына деген беріктік және жағымсыз қатынасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Жас ұрпақты радикалды экстремистік ұйымдарға тартуда бөгет жасалып жатыр. Сонымен қатар бұл экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы әрекет бойынша заманауи әдістердің жасақталуына және енгізілуіне мүмкіндік береді.

 «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы Бақдәулет Тілеухан экстремизм жағдайының мемлекеттік қызметкерлер арасында таралуына қарсы күресуге ерекше назар аударылатынын атады. «Жалпы облыс бойынша діни жағдай тұрақты әрі қалыпты болып бағаланады, халықтың діни көзқарасқа өтуінің өсімі байқалады, бұл заңды құбылыс болып саналады. Тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, конфессионалды түрде өтетін үрдістер тыңғылықты түрде зерделенеді, діни бірлестіктермен бірлесіп жұмыс жасаймыз. Мемлекетіміз діни экстремизм мен терроризм мәселесіне жоғары назарға алады. Сонымен қатар бұл жұмыстың тиімділігі барлық қоғамдық бірлестіктердің қосылып жұмыс жасауына байланысты болады» - деп                 Бақдәулет Тілеухан атап өтті.

Семинар барысында терроризмнің діни, құқықтық және ақпараттық-ағарту аспектілер талқыланды. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлерге, діни-саяси экстремизмге қарсы әрекетте азаматтық қорғау органдарының рөліне талдау жасалды.

Қонақтың және қызметкерлер арасында қозғалған діни тақырып бойынша диалог өтті, онда қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді. Қызметкерлер Жамбыл облысындағы діни ахуал жайлы көптеген ақпарат алды.

Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Алмас Жұматаев семинарға қатысушы қонаққа мағынасы терең дәріс оқығаны үшін алғыс білдірді.

 

 

Жамбыл облысының ТЖД

КСБ бас маманы

азаматтық қорғау майоры

Нұрдаулет Асильхан