
Ағымдағы жылдың 28 маусымынан 29 маусымына қараған түні Жамбыл облысы ТЖ департаментінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефон нөміріне сағат 1.51-де Тараз қаласы, Қонаев көшесіндегі «Holsten» дәмханасына жапсарлас орналасқан тұрғын үйдің жаздық асханасынан өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. 1 сағат 59 минутта оқиға орнына Тараз қалалық өртке қарсы қызмет агрнизонынан 26 адам жеке құрам мен 5 өрт сөндіру техникасы жетіп, шұғыл түрде өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген. Тұрғынүй жоғарыда аталған дәмханаға жақын орналасқандықтан өрт дәмхананың жаздық алаңына өткен. Өрттің жалпы аумағы150 шаршы метрді құраған. Өрт сөндіоушілер өртті 2.08-де ауыздықтап, 2.27-де жойған. Өрт салдарынан "Holsten" кафесінің Өрт салдарынан тұрғын үйдің жазғы ас үйі мен "Holsten"кафесінің ағаш құрылыстарының бір бөлігі (күркелер мен қалқа) отпен толығымен жойылды Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда. қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы