Қорықтың екі инспекторын құтқару бойынша оқу-жаттығулар өткізілді

Қорықтың екі инспекторын құтқару бойынша оқу-жаттығулар өткізілді

2021 жылғы 26 қарашада Жамбыл облысының Жуалы ауданында "Көксай" шатқалының аумағында қар көшкіні түскен кезде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды хабарлау және жүргізу бойынша «Қар көшкіні–2021» практикалық іс-қимылдарды пысықтау бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

 Оқу-жаттығуға Жамбыл облысы ТЖ департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, "Қазселденқорғау" ММ Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасының қызметкерлері, басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің, мүдделі ұйымдардың басшылары және Жуалы ауданының авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамы қатысты.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша тартылған күштер мен құралдардың іс-әрекеттері пысықталды. Жуалы ауданы әкімдігінің ғимаратында жедел штаб құрылды, тартылған күштер мен сапқа тұрғызылып құралдардың дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығу барысында жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебін тарта отырып іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының екі инспекторына қар көшкінінен шартты түрде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Практикалық іс-шараларға 27  адам және 8  техника бірлігі қатысты.