Жуалы ауданында 14 сиыр құтқарылды

Жуалы ауданында 14 сиыр құтқарылды

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 01.16-да "101" телефонына Жуалы ауданының Алматы-Ташкент тас жолында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Жуалы ауданының №7 Өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Келген бойда жүк автомобилінің кабинасы мен қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Үйлесімді жұмыс нәтижесінде өрт 01.43-те оқшауланып, ал 01.58-де толық жойылды. Кәсіби және жедел іс-қимылдардың арқасында өрт сөндірушілер 14 ірі қара малды құтқарып алды.