Балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздіктің негізгі шаралары

Балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздіктің негізгі шаралары

  

Талас ауданының «Ақкөл» көлінде балық аулау кезінде, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында ТЖ департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысының көліктік бақылау инспекциясымен, Шу – Талас өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп профилактикалық рейдтік іс – шаралар өткізді.

Профилактикалық рейдтер барысында балықшыларға күзгі – қысқы кезеңде балық аулау кезіндегі қауіпсіздік негіздері жеткізілді. Сондай – ақ, қызметкерлер өткен жылдардағы адамдардың өліміне әкеліп соққан қайғылы оқиғаларды мысалға келтірді. Балықшылар барлық ұсыныстарды назарға алды. Осы іс – шара аясында қызметкерлер жадынамалар мен буклеттер таратты. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Осындай іс – шаралар Жамбыл облысының барлық су айдындары қаптылады.

Ескертемыз:

Мұз басқан су қоймаларында бірнеше қарапайым, бірақ маңызды ережелерді есте сақтаңыз:

- Сең жүру қаупі туралы хабарлағанда, мұзға шығуға қатаң тыйым салынады!

- Нашар ауа райында немесе тәуліктің қараңғы мезгілінде мұзға шықпаңыз!

- Мұздың жұқа және әлсіз жерлерін баспаңыз.

- Әрқашан мұздың қалыңдығын және оның беріктігін тексеріңіз.

- Мұз үстіне топ болып жиналмаңыз, ал автокөліктерде мұз үстімен жүруге тыйым салынады.

- Балық аулау кезінде мұз үстінде айналаңыздан көптеген тесіктерді бұрғылап теспеңіз!

- Өзіңізбен бірге жеке құтқару құралдарын алыңыз.

Егер сіз төтенше жағдайдың қатысушысы немесе куәгері болсаңыз, құтқарушыларға, яғни 112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалыңыз

 Жамбыл облысы ТЖД АҚБ офицері

аға лейтенанті  Валихан Валиев