Аудандық спартакиадада ТЖ бөлімі үшінші жүлделі орынға ие болды

Аудандық спартакиадада ТЖ бөлімі үшінші жүлделі орынға ие болды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылдың 13 қараша күні, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат пен спорт және денешынықтыру бөлімдері ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық спартакиада өтті.

Ауданда бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметшілердің спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету басымдықтарын жүзеге асыру, Жолдауды насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтымен дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту, мемлекеттік қызмет имиджін қалыптастыру мақсатын көздеген шараның салтанатты рәсімі аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің құттықтау сөзімен ашылды.

Жарысқа қатысушы он команда алты ойын түрінен сынға түсті.

Аталмыш спартакиадада сала мамандары 6 түрлі спорт түрінен сайысқа түсті. Сайысқа 10 команда қатысып, шахмат, дойбы, гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, бильярд сынды интеллектуалды спорт түрлерінен сынға түсті. 10 команда арасынан Жаңатас командасы, яғни қала әкімі аппаратының ұжымы жүлделі l-ші орынды қанжыға байлады. II- орынды Айбын командасы алса, Бастау командасы яғни Сарысу ауданы Төтенше жағдалар бөлімі мен Жаңатас қалалық №16 Өрт сөндіру бөлімімен құралған команда III-орынмен марапатталды.

 Ал, ынталандыру сыйлығына прокуратура және ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандағы бөлімі, Игілік, Байқадам, Жаңаталап ауылдық округтері ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тағайындаған Кубок, медальдарімен және Грамоталармен, жеңімпаздар ынталандыру сыйлығы "Жамбыл адалдық алаңы" жобалық офисінің қаржылай және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Сарысу ауданының ТЖ

бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты                            

 Ә.Бекенов