24/7 азаматтардың тыныштығын қорғауда

24/7 азаматтардың тыныштығын қорғауда

Күн сайын ауа райы жағдайына, аптаның күндері мен басқа да жағдайларға қарамастан Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелерінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кезекшілікке түседі. Күн сайын жеке құрам кез келген төтенше жағдайды жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жауынгерлік дайындықта болады.

Мысалы, өткен демалыс күндері өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бірнеше шақырту бойынша шықты. Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тәулігіне 2 рет есікті ашты. Алғаш рет бұл 83 жастағы қарт әйелге, ал екінші рет 2 топтағы мүгедекке көмек болды.

Соңғы уақытта, облыс аумағында құрғақ шөп пен қоқыстардың жануы жиілеп кетті. Мысалы, сол күні қала мен облыстың өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндірушілері осындай жағдайларға 4 рет барған. Ал келесі күні 10 рет шыққан.

Ал, 14-15 қараша күндері өрт сөндірушілер тұтастай алғанда 15 оқиғаға барып үлгерген.

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында 10 сағат 22 минутта Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының "101" телефонына Тараз қаласының Узбекская көшесіндегі моншаның өрті туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Тараз қаласының №4 Өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті 10 сағат 47 минутта шебер және жедел түрде оқшаулап, 10 сағат 50 минутта жойды. Өрт сөндірушілердің кәсібилігінің арқасында өрттің жақын орналасқан кеңейтімдер мен тұрғын үйлерге таралуын болдырмауға мүмкіндік туды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 Сол күні 17 сағат 50 минутта Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылдық округінің шаруа қожалықтарының бірінің аумағында тіркемедегі шөп пен құрғақ шөп өртенді. Оқиға орнына №18 Өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жедел жіберілді. Мойынқұм ауданының өрт сөндірушілері ауданы 2га қураған шөптегі өртті сөндірді, өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

15 қараша күні сағат 00:30-да Байзақ ауданы Жетібай ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына №8 Өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 00:50-де ауыздықталып, 01:30-да сөндірілді. Өрттің нәтижесінде 1 сиыр мен 30 түк шөп өртенді. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда.

15 қараша күні сағат 04:28-де Жуалы ауданының Б.Момышұлы атындағы ауылында сауда дүңгіршегі өртеніп кетті. Өртке Жуалы ауданының №7 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары дереу бет алды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 04:35-те ауыздықталып, 04:45-те сөндірілді.  Өрт салдарынан жалпы ауданы 80 ш.м. дүңгіршегі жойылды, өрт сөндірушілердің іс-әрекеттерінің арқасында оттың жақын орналасқан мейрамхана мен сауда үйіне таралуына жол берілмеді.

Сондай-ақ, осы түні Жуалы ауданының өрт сөндіруші-құтқарушылары 4 адамды құтқарып қалды. 03 сағат 53 минутта азаматтардан көмек сұрап хабарлама келіп түсті. Көліктің сынуы салдарынан 4 адам Ташкент-Алматы тас жолында қалды. Жуалы ауданының №7 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында азаматтар аудан орталығына жеткізілді.

Осыған байланысты, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс және Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына бақшаларда қоқысты жағу кезінде абай болу, үйден шыққан кезде газ және электр аспаптарын ажырату, қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Ал өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112" телефон нөмірлеріне шұғыл қоңырау шалуды ескертеді.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы