Өртті бірге алдын алайық!

Өртті бірге алдын алайық!

Күн сайын Меркі ауданының Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері және Меркі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі  қызметкерлерімен, Меркі ауданының Газ шаруашылығы өкілдерімен бірлесіп, халықтың барынша көп бөлігін қамтып, аудан аумағында үй аралау жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыс қыста халықтың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  алдын алу шараларының бөлігі ретінде, сондай-ақ тұрғын үйлермен ғимараттардағы өрттің санын  көбейтуге жол бермейді.

Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі» акциясының өтуі туралы жеткізіп, «Обязательные требования норм и ППБ при устройстве печей в жилых домах», «Тұрғын үйде өрт болған кездегі іс-әрекеттер» және «Улы газ» тақырыбында жаднамалар таратылып, түбіршектер берілді. Акция өткізудің негізгі мақсаты-өрттерде адамдардың өлімінің, жарақат алмауының және улы газбен уланудың алдын алу шаралары болып табылады.

Ал біз өз кезегімізде азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және өрт туындаған жағдайда шұғыл "101" телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

Меркі ауданының Меркі ауылы №9 ӨСБ-нің бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны

Мырзахан Бауырбек Мұратұлы