Тарихпен танысты…

Тарихпен танысты…

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ 19 қазан - Құтқарушылар күнін мерекелеу шеңберінде ағымдағы жылы қызметке орналасқан қызметкерлер Жамбыл облысының өртке қарсы қызмет тарихын қамтитын мұражайға бас сұқты.

Мұражай Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне қарасты Тараз қалалық №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде орналасқан.

Жас өрт сөндірушілерге өрт күзеті қызметінің өзіндік ерекшеліктері туралы тарихи фактілерге қанығып,  біршама ақпараттар жинақтады. Экскурсия қатысушылары назарларына ұсынылған экспонаттармен үлкен қызығушылықпен танысып, өздері өмір жолында таңдап алған  кәсіптерінің маңыздылығы мен жауапкершілігін тереңірек түсінгендей болды.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы