Дайындыққа келтірілді

Дайындыққа келтірілді

Ағымдағы жылдың 8 қазан күні Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында бөлімнің жеке құрамымен саптық байқау өткізілді.

Саптық байқау, маусымдық киім нысанына көшу аясында өтті. Міндеттерді орындау кезіндегі киім нысандардын және бас киім, аяқ киіммен шеврондар, погондар мен эмблемалардың белгіленген талаптарға сай тағылуына ерекше назар аударылып, тұтастай алғанда жеке құрамының қысқы киім нысанымен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізілді.

Өз сөзінде, Тараз қаласы №1 Мамандандарылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Базарбаев Аскар Куанышбекович: «Барлық азаматтық қорғау қызметкерлеріне нысанды киімді кию нормативтік актілерге сәйкес тарайды. Саптық байқау, қызметтегі нысанды киім кию кезінде заң бұзушылықтарды анықтауға және оларды жою, соңдай-ақ саптық мәдениет пен дағдығысын арттыруға,тәртіпті нығайтуға жол береді»- айтып өтті.

Жамбыл облысы Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы арасында мұндай  әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетінің айта кеткені жөн .

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы