Өкінішке орай балалардың терезеден құлауы жағдайлары жиілеп келеді. Сәбилер өздеріне белгісіз нәрселерге деген қызығушылықтары туындағанда қорқыныш сезімін түсіне бермейді.Осыған орай халық жаппай жиналатын орындарда, көп қабатты тұрғын үйлерде Жамбыл аудандық ТЖБ қызметкерлері мен бірлесіп Жастар орталығының еріктілері профилактикалық рейд жүргізді. Жазатайым оқиғалардың себебі неде, Қайғылы оқиғаның қайталанбауы үшін қандай іс-әрекет қолдануға болады?
Көп жағдайда балалар өз бетінше терезенің алдындағы тақтайға мініп, әр түрлі жиһаздарды пайдаланып, және ондағы торға сүйене отырып, терезеден құлап кетеді. Осыдан қорытынды жасасақ: негізгі себеп - үлкендердің бақылауынсыз қалған балалар, терезені жабуды ұмытып кеткен жақын туыстарының аңғалдығынан осындай оқиғаға тап болып жатады. Екінші — балалардың өз беттерінше терезе алдына шығуларына мүмкіндік беретін, жиһаздардың дұрыс қойылмауы. Ал нәтижесінде терезе жабық тұрған тәрізді көрінетін, бірақ салмақты көтеруге есептелмеген тор өте қауіпті екендігін кейде естен шығарып жатамыз.
Төмендегі сақтық шараларын ескеру қажет:
• Егер бала үйде болса, терезені ашық қалдырмау;
• Терезенің тиісті қорғанышы болмаса, торды сенімді тірек ретінде пайдаланбау;
• Балалар оған сүйеніп тұрғанды ұнататындығын естен шығармау;
• Терезе, балкон немесе шыны есіктер алдында ойнап жүрген балаларды қараусыз қалдырмау;
• Балалар терезенің алдына өрмелеп шығып, төмен құламауы үшін жиһаздарды терезенің жанына коймау;
• Балаларға қауіпсіздік сабақтарын өткізу. Үлкен балаларға кішкентай бүлдіршіндерге қамқор болуды үйрету;
• Балалар терезені өз беттерінше ашпау үшін терезеге бекітпе ілгек немесе оның тұтқасына құлып орнату керек.
Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері
Диас Ақсақалов