Алғашқы көмек-зақымдану, жазатайым оқиғалар және кенеттен ауыру кезінде зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін атқарылатын қажетті қарапайымәрі шұғыл шаралар. Мұндай шара дәрігер келгенге дейін немесе зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізгенге дейін оқиға орнында атқарылады.
Алғашқы көмек - соққы, қан кету, инфекцияның дамуы, сүйек сынықтарының тасуы немесе қозғалуы және үлкен жүйке тамырлары мен қан тамырларының жарақаты сияқты асқынулардың алдын алады.
Зардап шеккен адамның денсаулығының одан әрі қарайғы жай-күйі тіпті оның өмірі көбінесе алғашқы медициналық көмектің дерк езінде жүргізілуі мен сапасына байланысты екенін есте ұстаған жөн. Алғашқы көмек өте маңызды, бірақ зардап шеккен адамға үшін ешқашан білікті (мамандандырылған) медициналық көмекті алмастырал алмасы анық. Сіз жәбірленушіге тек алғашқы көмек көрсеткеніңіз жөн. Ал одан әрі емдеу бұл маман дәрігерге жүктелетін міндет.
Қан кету
Қан кету зақымдалған қан тамырларынан қанның төгілуі. Бұл жарақат және күйіктің жиі және қауіпті салдарының бірі. Зақымдалған тамырдың түріне байланысты: артериялық, капиллярлық және веноздық қан кету болып бөлінеді.
Алғашқы көмек қан кетуді тоқтатуға бағытталған, оны қан кететін аймаққа жоғары позиция беру, қысым таңғышын қолдану, аяқ буынының максималды бүгілуі және осы аймақтан өтетін тамырларды қысу, саусақтарды басу, турникетті қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Тамырды басу жараның үстінде, белгілі бір анатомиялық нүктелерде жүзеге асырылады, онда бұлшықет массасы аз болады, тамыр үстірт өтеді және оны сүйекке басуға болады. Бір немесе екі қолдың бірнеше саусағымен басқан жөн.
Қан тоқтататын бұрауды салу тәртібі:
Медициналық апаттар орталығының Жамбыл облысы
филиалының басшысы
Түлбасиев Б.