Жамбыл облысының Өрт сөндіруші-құтқарушыларының жұмысы

Жамбыл облысының Өрт сөндіруші-құтқарушыларының жұмысы

Күн сайын біздің облыста азаматтар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың көмегіне мұқтаж. Орташа алғанда Жазғы кезеңде күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Төтенше жағдайлар туралы 20-дан астам хабарлама келіп түседі.

Мысалы, ағымдағы жылдың 16 шілдесі кешкісін Тараз қаласы Менделеевтің 3 тұйық көшесі мекен жайындағы пәтерде қыз қолында тұрып қалған сақинаны шешіп алу бойынша көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің Жедел құтқару жасағы дереу шақырту орнына бет алды. Құтқарушылар келген кезде авариялық-құтқару құралдарының көмегімен сақина алынып тасталды. Өз кезегінде қыздың анасы мен қыздың өзі құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде сағат 9:10-да Талас ауданының №12 өрт сөндіру бекетінің "101" телефонына, Талас ауданының Табакбұлақ станциясындағы тепловоздың өрті туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары жіберілді. Келген бойда өрт сөндірушілердің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт сағат 10:16-да оқшауланды, сағат 10: 58-де сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сол күні Алматы-Ташкент тас жолында көліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Тараз қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың іс-қимылдары нәтижесінде өрт 23 сағат 09 минутта оқшауланды және 23 сағат 15 минутта жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, өрт сөндіруші-құтқарушылар күн сайын құрғақ шөптің жануын жойып, құқық қорғау органдарына көмекке, жол-көлік оқиғалары, су басу , адамдарды, сондай-ақ жануарларды құтқаруға барады.

Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындарынан өрт немесе төтенше жағдай туындай қалса, өз күштерімен жоя алмайтындығына көз жеткен жағдайда уақыт өткізбей шұғыл түрде «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ шомылу маусымында судағы қауіпсіздік шараларын ұмытпауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы