Ерлік сабағы
2021 жылғы 5 мамырда Жамбыл облысының ТЖД Кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Н.Асильхан Департамент аппаратының жеке құрамына Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Ерлік сабағын» өткізді. Осы іс-шараны өткізу барысында ол Жеңіс күнін мерекелеудің маңыздылығын ашып, соғыс майданында шайқасқан қарапайым сарбаздардың ерліктерін сипаттады.
Осындай іс-шаралар патриоттық сезімге, Ұлы отан соғысына қатысушылардың мысалында өз Отанын сүюге тәрбиелейді.
«Ерлік сабағының» басты міндеті, жер бетінде бейбітшілікті жеңіп алған, өз ата-бабаларымыз туралы есте сақтау қажеттігіне назар аудару болды.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Кадр саясаты басқармасы