Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жалпыұлттық сенбілікке қатысты.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жалпыұлттық сенбілікке қатысты.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жалпыұлттық сенбілікке қатысты.

 

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Бірге таза Қазақстан» жалпыреспубликалық сенбілігіне сәйкес және «Мекенім – жасыл орманым» атты жалпыұлттық ағаш отырғызу күніне байланысты  Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы арықтарды тазалап, жеміс талдарын отырғызды. Жұмыстан бір сәтке босап, қолдарына күрек алып, тал егіп, қоғамдық жұмыспен айналысқан азаматтық қорғау қызметкерлерінің еңбектері еш кетпей, болашақта өрт сөндіру бөлімінің аумағы жеміске толы бау-бақшаға  айналады деген сенімдеміз. 

Айта кеткен жөн, аталған іс-шара жыл сайын жүргізілуде және мұндай бағыттағы қоғамдық жұмыстар өзге де өрт сөндіру бөлімдерінде азаматтық қорғау қызметкерлерімен  жалғасын табатын болады. 

Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы ТЖ басқармасының аға инженері азаматтық қорғау подполковнигі Казимбетов Болат Тажикович