Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2021-2022 оқу жылына грантқа түсуге шақырады!

Мемлекеттік басқару академиясы – бұл қазіргі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен білім алуына жауапты Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны. Академияның жұмысы мемлекеттік аппараттың кадрлары мен кәсіби басқарушыларды даярлауға бағытталған.

Осы жылы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжаттар қабылдау 5 маусымға дейін www.apa.kz ақпараттық жүйесінде магистратураның 7 бағдарламасы мен докторантураның 2 бағдарламасының бірі бойынша онлайн форматта жүргізіледі:

Магистрлік бағдарламалар:

Оқу мерзімі 1 жыл:
-MPA «Мемлекеттік басқару»

-EMPA «Мемлекеттік басқару» (өндірістен қол үзбей)
-MIR «Халықаралық қатынастар» 
-EMBA «Іскерлік әкімшілік» (өндірістен қол үзбей)
-MRD «Өңірлік даму

Оқу мерзімі 2 жыл:

-MPP «Мемлекеттік саясат»    
-ME «Экономика»

Докторлық бағдарламалар:

Оқу мерзімі 3 жыл:
-DPA «Мемлекеттік басқару»
-DIR «Халықаралық қатынастар»

Білім беру бағдарламаларының толық тізімін www.apa.kz сайтында «ОҚУҒА ТҮСУ» бөлімінен көруге болады.

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсетіндер қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды өткізеді:

1.Өтініш;

2.Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

3.Мемлекеттік тілді меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты (В1-ден кем емес);

4.Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат:

-Магистратура үшін: IELTSнемесеIELTSindicator (4.0-ден кем емес), TOEFLPBT (437-ден кем емес) немесеTOEFLIBT (41-ден кем емес), APTIS (B1/4.0-ден кем емес).

-Докторантура үшін: IELTSнемесеIELTSindicator (5.5-тен кем емес), TOEFLPBT (513-тен кем емес) немесеTOEFLIBT (65-тен кем емес), APTIS (B2/5.5-тен кем емес).

Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын шетелдік білім беру ұйымдарында дәреже иеленген үміткерлер аталмыш талаптан босатылады.

  1. ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін – қызметтік тізім, шетелдік үміткерлер үшін – кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6.Мемлекеттік органның жолдамасы;

7.Жазбаша жұмыстар:

-докторанттар үшін–зерттеу жұмысының жоспары (researchproposal),

-магистранттар үшін талап етілмейді, себебі эссе жазу конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі болып табылады.

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсетін мемлекеттік қызметшілер үшін көптеген бонустар мен мүмкіндіктер бар екендігін атап өткен жөн:

-лауазымдық жалақы деңгейіндегі шәкіртақы;

-кәсіби және тұлғалық құзіреттіліктерді арттыру;

-шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;

-Академияда оқитындарға арналған жатақхана;

-Академияда оқу уақыты мемлекеттік қызмет өтілі ретінде есептеледі;

-жұмыс орнының сақталуы;

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау 2021 жылдың 5 маусымына дейін жүзеге асырылады. Қазақстан мен әлемнің кез келген нүктесінен онлайн форматта www.apa.kz сайтындағы «Оқуға түсу»бөлімінде құжаттарды тапсыруға болады.

Мүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, мемлекеттік қызметшілерге арналған Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орнында құзіреттіліктеріңізді арттырыңыздар!

 

Бейне нұсқаулықтар:

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін  құжаттарды онлайн форматта қалай тапсыруға болады?https://youtu.be/LP5pLIp64iE