Жуалы ауданында кәсіптік бағдарлау жұмысы

Жуалы ауданында кәсіптік бағдарлау жұмысы

Жуалы ауданында кәсіптік бағдарлау жұмысы

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге кәсіптік бағдарлау жұмыс жүргізілді. Әңгіме барысында институтқа түсу ережелері, оқуға түскен жағдайда күн тәртібі және ары қарай жұмысқа орналасу туралы түсіндірілді. Құтқарушы кәсібіне қызықшылық көрсеткен оқушылар көп сұрақ қойып, оларға тиімді толық жауап алды. Сонымен қатар, оқушыларға ӨҚЕ талаптары, шомылу маусымы кезінде судағы тәртібі және әр түрлі төтенше жағдай орын алған кезде іс-әрекеттер түсіндірілді. Құтқарушы имиджін және мәртебесін көтеру мақсатында осындай кәсіптік бағдарлау жұмысы ауданның барлық орта мектептерінде өткізілуде.

 

Жуалы аудандық ТЖБ бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі

           Ербол Әміров