Қауіпсіздік сабақтары

Қауіпсіздік сабақтары

Қауіпсіздік сабақтары

 

Өрт болған жағдайда не істеу керек және ТЖ жағдайда қалай құтқару керек? Осы және басқа да сұрақтарға аудан мектептерінің оқушыларына Жамбыл ауданыТЖБ-ің қызметкерлері өткізген сабақтар нәтижесінде жауап алды. Бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпақтарының қауіпсіз өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Сәуір айынан бастап ауданның жалпы білім беру мекемелерінде қауіпсіздік сабақтары өтуде. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері біздің кішкентай азаматтарымызды ең қарапайым ережелерге үйретуде: алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету, балаларға мектепте, көшеде және үйде қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіреді.

Жастарымыздың қауіпсіз өмір сүруі үшін олардың маңызды аспектілерінің бірі оқушылар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін жүйелі насихаттау болып табылады. Іс – шараны бекіту үшін тақырыптық ролик көрсетілді. Сондай-ақ іс-шараға қатысушыларға  бірыңғай құтқару нөмірі арқылы ақша қаражаты болмаған жағдайда да қоңырау шалуға болатынын ескертті. 

Жамбыл ауданы ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау капитаны А. Баянов