Мақсат – өрттің алдын алу!

Мақсат – өрттің алдын алу!

Мақсат – өрттің алдын алу!

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Меркі аудандық жеке құрамы мен аудандық  Жастар орталығының еріктілері бірлесе отырып, үй аралау жұмыстарын жүргізуде. Аталған бағыттағы жұмыс халықтың жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Көктемгі мезгілде тұрғынүй аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ тұрғын үйлермен ғимараттардағы өрт санының  көбеюіне жол бермеу мақсатында іске асырылуда. Тұрғынүйлерді аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі» акциясы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  «Су тасқынының алдын алу», «Тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алғанда атқарылуы тиіс іс-әрекеттер» және «Улы газ» тақырыбында жаднамалар таратылды. Акция өткізудің негізгі мақсаты – өрт оқиғасы туындағанда адамдардың зардап шегуі мен кісі өліміне жол бермеу, улы газбен уланудың алдын алу болып табылады.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

 Меркі ауылы №9 ӨСБ бастығының орынбасары

 азаматтық қорғау капитаны

Мырзахан Бауырбек