Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Ермек Жамбылұлы Момбаев жеке құрамға азаматтық қорғау подполковнигі Меиржан Какпасынұлы Аймановты Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары  ретінде таныстырды. Ермек Жамбылұлы өз сөзінде Мекеме бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Меиржан Аймановқа қызметте табыс тіледі. Сондай-ақ жеке құрамды алдымызда келе жатқан Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Меиржан Айманов бұған дейін аталған мекеменің өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру  бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.

Айманов Меиржан Какпасынұлы 1976 жылдың 13 шілдесінде Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында туылған. М.Айманов азаматтық қорғау органдарында 1995 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ол 1997 жылы ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін,  2003 жылы Орта-азиялық университетін және 2015 жылы Ресей Федерациясы министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің азаматтық қорғаныс, төтегнше жағдайлар және табиғи апаттардың алдын алу бойынша Санкт-Петербург универститетін өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша аяқтаған.

Төтенше жағдайлардың алдың алу мен жою бойынша мемелекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға  қосқан үлесі үшін және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» және ҚР ТЖМ «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарымен, сонымен қатар «ТЖ алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» кеуде бегісімен  марапатталған.

Айманов М. қызметтік міндерттерді адал орындап, жұмыста табандылық танытып келеді. Сондай-ақ жас қызметкерлерге үлгілі тәлімгер. Бүгінгі таңда Меиржан Какпасынұлы  отбасылы, бес бала тәрбиелеп отырған ұлағатты әке.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы