2021 жылдың 17 ақпанында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында жеке құраммен газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша тәжірибелік сабағы өтті
Жалпы, сабақ газ-түтіннен қорғау қызметін жетілдіру, жеке құрамды газ-түтіннен қорғаушылардың жедел-қызметтік міндеттерін табысты орындауын қамтамасыз ететін шебер және тиімді іс-қимылдарға үйрету мақсатында өткізіледі.
Сабақ барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп бақты.
Айта кету керек, жылу түтін камерасында төмендегідей міндеттер орындалды:
- жауынгерлік дайындығын тексеру, көзге түртсе көргісіз аумақта қозғалу, жарылыстың алдын алу мақсатында газ кранын бекіту, барлаужүргізу және зардап шегушіні іздеу.
Іс-шара барысында тапсырманы толық көлемде орындай алмаған өртсөндірушілер өздерінің өтініштері бойынша жылу түтін камерасына қайта кірді.
Жалпы тәжірибелік сабақ өте жоғары деңгейде әрі қызықты өтті. Ал №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Асқар Базарбаев өз сөзінде мұндай іс-шараның одан әрі жалғасатынын атап өтті.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы